Солтүстік Қазақстан облысының шенді полицейлері заңсыздықтар жасаудан алдарына жан салар емес. Олардың іштей бәсекеге, жарысқа түскендей кейіп танытатын сорақы іс-әрекеттеріне қарап, «әй дер ажаның, қой дер қожаның» табылмай тұрғаны қынжылтады.

Араларында ішімдікке ықылық ата тойып алып, алдын айпар, жанын жайпар «жаналғыштары» да жоқ емес. Солардың бірі ішкі істер департаментінің басқарма басшысы В.З.-ның басбұзар әрекеті Гиннестің рекордтар кітабына еніп қалуы ғажап емес.
Шенді полицей жеңіл көлікпен жүйткіген күйі бірнеше көлікті қағып өтіп, аялдамада тұрған автобусты аударып жібере жаздаған. Ондағы бір жолаушы жарақат алған. Қатты соқтығыстан есірік атқан неме есін жиған болу керек, оқиға орнынан із жасыруға әрекеттенген. Алайда, тілі күрмеліп, сөйлеуге шамасы мүлдем келмеген оны куәгерлер тырп еткізбеген.
Қызметте ерекше көзге түсіп, полковник шенін мерзімінен бұрын алған удай мас полицейдің бұлайша тайраңдауы күш құрылымдары арасында тәртіп пен талаптың төмендігінде жатса керек.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.