Ауа райы • 30 Қыркүйек, 2020

Еліміздің бес облысында қолайсыз ауа райы күтілуде

625 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бес облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің бес облысында қолайсыз ауа райы күтілуде

1 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.