Технология • 01 Қазан, 2020

Цифрлы дамудың 5 басым бағыты

1015 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жуырда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Зерде» холдингімен бірлесіп «Тұрақты даму жолында: әлемді цифрландыру» тақырыбында онлайн-сессия өткізді. Кездесу БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші мәжілісі аясында өтті.

Цифрлы дамудың 5 басым бағыты

 

Халықаралық деңгейде өткен алқалы жиында цифрлы саланы дамытудың өзекті және перспек­тивалы трендтері бойынша БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильд, GIGA жобасының жетекшісі, UNICEF Innovation аға кеңесшісі Кристофер Фабиан, еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, саяси көшбасшылар, халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйым­дардың өкілдері сөз сөйледі.

Цифрландыру саласындағы көшбасшылардың барлығы пандемия кезінде әлем алдында тұрған негізгі міндеттер­дің барлық салаларды цифрлан­дыруға тіреледі деген ортақ пікірде. Атап айтқанда дүние жүзін қауіпсіз әрі сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселесі кезек күттірмейді. Қазақстан, Гватемала, Үндістан, Нигерия, Мексика, Аргентина және Банг­ладеш сияқты елдердің алдыңғы қатарлы стартаптары ұсынылды. Цифрлы технологиялар мен деректердің барлық әлеуетін ашуға көмектесетін стартаптар цифр­лы даму саласындағы тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға сай келеді.

Министр өзінің алғы сөзінде әлем пандемия жағдайында жаңа шындыққа және жаңа сынақтарға бейімделуі керек екенін атап өтті.

– COVID-19 пандемиясы бізге әлемнің өзгергенін және цифрландыруға бет алға­нын көрсетті. Сондықтан пан­де­мия барысында алған са­бақ­­тарымызды, жинаған тә­жірибемізді ескере отырып «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Уақыт талабына сәйкес біз елдің цифрлы дамуының бес басым бағытын айқындадық, – деді.

Министр айтқан бес бағыт­қа жеке-жеке тоқталар болсақ, ол: ақпараттық-коммуника­ция­­­лық технологиялар инфра­құ­­­рылымын дамыту; цифрлы үкі­­метті дамыту; халықтың цифр­­­­лы сауатын арттыру; ци­фр­­­лы кеңістікте қауіпсіздікті және құқықтарды қорғауды қам­тамасыз ету; экономика салаларын цифрландыру және ауқымды деректерді енгізу.

Б.Мусин Қа­зақ­стан­ның цифр­­­ландыру сала­сындағы не­гіз­гі көрсеткіш­терін атап өтті. Оның баяндамасында айтылған­дай, бүгінгі таңда елімізде ха­лықтың 97 пайызы интернетке қол жеткізді. Цифрлы сауат­тылық деңгейі 82,1 пайызға тең. Автоматтандырылған мем­лекеттік қызметтердің үлесі 83 пайызға жетті. БҰҰ­ рей­тингінде Қазақстан «Элек­трон­ды үкі­метті» дамыту­ бойын­ша 193 елдің ішінде 29-орынды алады.

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильд пандемия кезінде заманауи тех­нологияларға қол жеткізе ал­ма­ғандар қиындыққа тап болуы мүмкін екенін айтып, алаң­даушылық білдірді.

– Әлем бойынша 3,6 миллиард адам әлі күнге дейін интер­нетке қол жеткізе ал­ған жоқ. Оның 360 миллионы, яғни 10 пайызы – 15-24 жас ара­лы­ғындағы жастар. COVID-19 пан­­­демиясы дамушы елдерде ғана емес, теңсіздіктің түрлі фор­маларының шиеленісуіне байланысты ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, – деді ол.

Фабрицио Хохшильд БҰҰ Бас хатшысының цифрлы ын­тымақтастық аясында Жол кар­тасының ұсынымдарын іске асыру, байланыспен, интернетпен қамту, цифрлы инклюзияны кеңейту және цифрлы әлеуетті дамыту жөніндегі GIGA бастамасына Қазақстанның қосылғаны ерекше маңызды оқиға болғанын атап өтті. Ол UNICEF, ХЭО және Қазақстан жаһандық мақсаттарға қол жеткізу жолында GIGA-ны іске асыруда алғаш жол ашқаны үшін алғысын білдірді.

Онлайн режімде өткен жиын­­­­ның қаншалықты маңызды еке­­нін министр Б.Мусин өзі­нің facebook-тегі жеке парақша­сында да атап өтті.

– Мен өз тарапымнан бір­неше қара­пайым әрі өзек­ті проб­лемаларды шешу­ді ұсын­дым. Бі­рін­шіден, мем­лекетаралық элек­тронды құ­жат айналымын реттеу қа­жет. Өйткені біз цифр­лы күн тәртібі туралы бұ­рын­нан­ айтып келеміз, ал үй­ілген қағаздар әлі күнге адасып жүр.­ Екіншіден, автокөлік сау­да­сына қатысты мәселе бар. Көліктер бір елден сатып алынып, екінші елде ереже бұзады, ал оның айыппұлын кімнен алу керектігін білмей­міз. Міне, осы екі кейсті алға тартып, мен әрбір елге бас­тапқыда кем дегенде, осын­дай 10 сервисті таңдауды ұсын­дым, оны бәріміз бірлесіп пы­сық­тап, интеграциялауымыз керек, – деді ол.

Министр айтып өткендей, жиында UNICEF пен Халық­аралық электрбайланыс одағы GIGA-ның әлемдегі әрбір мек­тепті интернетке қосуға және әрбір тұлғаны ақпаратпен, мүм­кіндіктермен қамтамасыз етуге бағытталған бастамалары талқыланды. Пандемия кезін­де, қашықтан білім беруге көшу жағдайында көптеген елдер осы жаһандық әріптестікті қолдайды.

– ...БҰҰ Бас хатшысының орын­басары келтірген кейбір фактілер мені таңғалдырғанын атап өткім келеді. Мысалы, Нью-Йоркте балалардың 20 пайызының онлайн режімде оқуына жағдай жасалмаған. Әрине, пандемия шындыққа өзгеріс енгізді, қазір біз күн­де­лікті онлайн режімде істейтін жұмыс көлемін түсіндік, әлем енді бұрынғыдай болмайды. Біздің алдымызда ойландыратын мәселелер мен жаңа сын-қатерлер тұр. Оларды шешу – әрқайсымыздың өмір сүру сапасына міндетті түрде оң әсер ететін мүлдем жаңа деңгейге шы­ғуға мүмкіндік береді. Сон­дықтан асыра сілтемей, кіш­кентай болса да, нақты іспен айна­лысуымыз керек, – деді министр.

 

Соңғы жаңалықтар