Қоғам • 01 Қазан, 2020

Қазақстанда құс тұмауының таралуы төмендеуде

11 рет көрсетілді

Бұл туралы бүгін Президент жанындағы ОКҚ брифингінде АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің хабарлауынша, тәулік бойынша құс өлімі қарқынының төмендеуін көрсетеді. Мәселен, соңғы тәулікте Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Шымкент қаласында өлім тоқтады. Сонымен қатар, СҚО, Павлодар және Қостанай облыстарында өлім азайып келеді.

Жалпы, құс өлімі еліміздің 7 облысының 41 ауданының 99 елді мекенінде тіркелген. Жеке аулаларда 23 854 құстың өлімі тіркелді. Ал екі құс фабрикасындағы өлімді ескере отырып, өлген құстың жалпы саны 330 мың бастан аспайды.

Тұрсын Қабдолдановтың айтуынша, елімізде құс тұмауынан қырылған 329691 бас үшін өтемақы төленеді. Бұл ретте өтемақы құс иелерінің сараптама, жою актісі, құс тұмауынан болған өлім-жітімді растайтын құжаттары болған да ғана төленеді.

Жоғарғы патогенді құс тұмауынан қанаттылардың өлімінің төмендеуі қыркүйекте індетке қарсы қабылданған шаралардың жоғары тиімділігін көрсетеді. Вакциналарды бөлудің жеделдігі атап өтілді.

«Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша бекітілген ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айында вакцинация жүргізу үшін құс тұмауына қарсы 3,3 млн-нан астам вакцина бөлінді. Қосымша қыркүйек айында құс тұмауын жұқтыру ошақтарын оқшаулау үшін республикалық резервтен 3,1 млн доза бөлінді. Ал осы аптаның соңында тағы 1,3 млн доза жеткізіледі. Осылайша, өңірлерге вакциналардың 7,7 млн дозасы бөлінді. Вакцинация тегін жүргізіледі», - деді Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті өкілі.

Сондай-ақ, ол бүгінгі күні мәжбүрлі вакцинация аясында ҚР 8 Қазақстанның 8 облысының 60 ауданының 424 ауылдық округінде 1,7 млн құсқа вакцина салынды.

Сонымен қатар, Қабдолданов құс өсірушілер одағымен және жұмыртқа өндірушілер қауымдастығымен келісілген стратегия бойынша республикалық бюджет есебінен тек қана аналық табынға, сондай-ақ құс фабрикаларының айналасындағы 20 шақырымдық аймақтағы жеке ауладағы құстарға және жабайы құстардың ұшу жолына профилактикалық вакцинация жүргізілетінін атап өтті. Осылайша, жыл басында бөлінген препараттардың саны 100% вакцинациялауға жетті.

«Қолданыстағы ветеринарлық заңнама аясында құс фабрикалары өздері вакцинация жүргізеді. Бұл ретте бройлерлік бағыттағы құс фабрикалары бройлерлердің өмір сүру мерзімінің аз болуына (36-40 күн) байланысты вакцинация жүргізбейді. Олар тәуліктік балапандар мен инкубациялық жұмыртқаны құс фабрикаларынан алады, онда аналық мал құс тұмауынан вакцинацияланған. Жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары аналық бас тауықтарды вакцинациялайды», - дейді ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы.

Сонымен қатар брифингте әлемдегі құс тұмауы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат айтылды. Тұрсын Қабдолдановтың айтуынша, 2020 жылдың қыркүйегінде әлемнің 26 елінде жоғары патогенді құс тұмауының 459 ошағы анықталды. Көрші Ресей Федерациясында бүгінде құс тұмауынан 1,5 миллионнан астам құс қырылған.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар