Әлем • 05 Қазан, 2020

Әйелдер құқығын қорғауға арналған жиын

660 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2020 жылғы 1 қазанда Нью-Йоркте «Гендерлік теңдікті жеделдету және барлық әйелдер мен қыздарға мүмкіндік беру» атты әйелдер жөніндегі бүкіләлемдік конференция өтті.

Әйелдер құқығын қорғауға арналған жиын

Конференция БҰҰ Бас Ассам­блея­сының 75-сессиясында әйелдердің құқықтарын қорғау туралы Бейжің дек­ла­рациясының 25 жылдығына арналған.

Қатысушылар алдында Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық сая­сат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова сөз сөйледі.

Ол Бейжің декларациясы Қа­­­зақ­стандағы гендерлік прог­рес­­тің катализаторына айнал­­ға­нын атап өтті. Ген­дер­лік сая­саттың ұлттық моделі, әйел­дер­дің құқықтарын қорғау­дың құ­қықтық базасы мен тетік­тері құрылды. 2030 жылға де­йін­гі отбасылық-гендерлік саясат тұжырымдамасының екін­ші кезеңі жүзеге асырылуда. Ол Бейжің декларациясы мен Әйелдерге қатысты кемсі­туші­ліктің барлық түрлерін жою тура­лы конвенцияны жүзеге асы­руға бағытталған. Әйелдер мен ба­лалардың құқықтарын қор­ғау бойынша кешенді шаралар қабылдануда.

Жыл басында әйелдер мен ба­лалардың жыныстық қол сұғыл­маушылығына, адам сауда­сына және тұрмыстық зор­лық-зомбылыққа қарсы қыл­мыс­тар үшін қылмыстық жауап­кер­шілік күшейтілді. Парла­ментте депутаттардың Ұлт­тық комиссиямен бірлесіп отбасылық зорлық-зом­бы­лықтың алдын алу және гендерлік саясат туралы заң жобалары қаралуда. Әйелдердің саясаттағы өкілдігінде, олардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуде прогреске қол жет­кізі­луде», деді Ләззат Рамазанова.

Бүгінгі таңда Қазақстанның мем­лекеттік қызметіндегі басшы­лық қызметтердегі әйелдер­дің үлесі 40%-ды құрайды. Парла­мент Мәжілісінде – 27%, жергілікті өкілді органдарда – 22%. Әйел судьялардың саны 51%-ға жетті. Сонымен бірге әйел­­­дердің 43%-ы шағын және ор­­та бизнесте жұмыс істейді, ал 78%-ы жеке кәсіпкерлер. Екінші дең­­­гейлі банктердің басқару құ­ра­­мын­да­ғылардың 25%-ы әйелдер.

Ұлттық комиссия төрайымы Қазақ­стан әйелдері пандемия жағдайында жан­қияр­лықпен жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Бұл, ең алдымен денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы қызметкерлер, олардың осы салалардағы үлесі 71%-ды құрайды. Қазақстан ақшалай және азық-түлік кө­мек­тен, әлеуметтік төлемдерді индекстеу және бизнесті қол­дау бойынша шұғыл шара­лар қабылдаудан тұратын дағ­да­рысқа қарсы шаралар пакетін қабылдады.

Қазақстан БҰҰ бастамасы­мен БҰҰ-75 форматында Әлем­нің болашағы туралы жаһандық дискуссияны қол­дайды. Бү­гінде адамзатқа тез арада қауіп төндіретін қатерге қарсы елдер­дің күш-жігері мен интеграциясын біріктіру қажет.

«Біз БҰҰ платформасында жа­һандық дағдарыстан кезең-кезеңімен шығу бо­йынша ұсы­ныс­тар әзірлейтін дағдарысқа қар­сы орталық, сондай-ақ әйел­дер­дің құқықтарын қорғау, олар­дың сақталуын бақылау жө­ніндегі шараларды жүзеге асы­рудағы мемлекеттердің озық тәжі­рибелермен жедел алмасу үшін бірыңғай Банк құруды ұсы­намыз. Бірлескен тәжірибе заманауи сын-қатерлерден иммуни­тетке айналатыны сөзсіз және бұл алға жылжудың негізі», деп атап өтті Л.Рамазанова.