Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Гарнизондарды аралау барысында жеке құрам алдында Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, бірінші дәрежелі капитан Серік Бурамбаев сөз сөйледі. Ол стратегиялық құжаттың негізгі нормалары мен ережелерін жеткізді, Мемлекет басшысының Жолдауында алдағы реформалар мен жаңа экономикалық бағыттың базалық қағидаттары туралы айтып берді.
Жолдауды жан-жақты түсіндіруден басқа, әскери қызметшілерді ақшалай үлеспен, тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз ету және басқа да мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама нормалары туралы заң кеңестері берілді.
Гарнизондарда түсіндіру жұмыстарының сапасын арттыру үшін топ офицерлері келушілерді қабылдады. Соның арқасында көптеген әскери қызметшілер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Көбінесе жекешелендіру, қызметтік тұрғын үйді айырбастау, ипотекалық кредит беруді ресімдеу, медициналық сақтандыру, ақшалай ризықты және жәрдемақыларды төлеу тәртібіне қатысты сұрақтар келіп түсті.
Ақпараттық-түсіндіру тобының құрамына кірген тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің офицерлері жеке құрамның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын зерттеді, ұжымдардың моральдық-психологиялық жай-күйін анықтау және әлеуметтік көңіл күй деңгейін анықтау үшін офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер арасында сауалдама жүргізді.