Тағайындау • 05 Қазан, 2020

Рудный қаласының жаңа әкімі тағайындалды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Рудный қалалық мәслихатының депутаттарымен келісе отырып, Рудный қаласының жаңа әкімі Қуандық Испергеновты тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рудный қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Қуандық Хайдарұлы Испергенов 1970 жылы 8 шілдеде Қостанай облысы Жітіқара ауданы Аққараға ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Рудный индустриалдық институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша және Қостанай әлеуметтік академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

1

Бұған дейін Бейімбет Майлин ауданының әкімі қызметін атқарған.

 

Қостанай облысы