Қоғам • 06 Қазан, 2020

Тұтынушылардың құқығын сотта үшінші рет қорғайды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауда және интеграция министр­лігі Тұтынушылардың құқық­тарын қорғау комитетінің қыз­меткерлері бүгінге дейін «Бек Эйр» компаниясы ақшасын қай­тар­маған азаматтардың мүд­делерін қорғау жұмыстарын жал­ғастыруда.

Тұтынушылардың құқығын сотта үшінші рет қорғайды

Қазіргі уақытта Алматы қаласы Түрк­­сіб аудандық сотымен үшінші талап қаралуда. Онда комитет 482 адамның мүд­десін білдіреді (30 млн теңгеден астам сомаға 845 билет).

2020 жылғы 2 қазандағы сот отырысы барысында істі жан-жақты және объективті қарау үшін комитет соттан жауапкерден жазбаша дә­лел­демелерді талап етуге, прокурорды, «Қа­зақ­станның авиациялық әкімшілігі» АҚ-тың уәкілетті ұйымын, билет сату жөніндегі агенттерін, сондай-ақ комитет мүдделерін білдіретін азаматтарды сотқа қатысуға тарту туралы өті­ніш білдірді.

Алайда бұл өтініштерді сот қол­дамады және қабылдамады.

Сонымен қатар комитет заңнамалық шеңберде тұтынушылардың қара­жа­тын қайтаруы бойынша барлық қа­жетті шараларды қабылдауды жал­ғас­­тырады.

Келесі сот отырысы 2020 жылғы 13 қазанда сағат 15:00-ге тағайындалды.