Экономика • 06 Қазан, 2020

Қазақстан мен Беларусь Республикасы экономикалық интеграцияның даму барысын талқылады

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Сауда және интеграция министрлігінде ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан мен Беларусь Республикасы экономикалық интеграцияның даму барысын талқылады

Тараптар Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайын талқылады, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Беларусь Үкіметаралық комиссиясының (бастамашы – Беларусь тарапы) кезекті отырысына дайындық шеңберінде өздерінің жұмысын үйлестірді.

Екі Тарап үшінші елдердің нарықтарына шығу үшін экономикалық интеграцияны тереңдетуге және ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

"Біздің алдымызға мемлекеттеріміздің президенттері қойған басты міндет – өнеркәсіптік кооперацияны күшейту. Осы салада неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнату қажет. Оның үстіне, Қазақстан мен Беларусь арасында мұндай кооперацияның жақсы мысалдары бар", деді Бақыт Сұлтанов.

Тараптар өңіраралық ынтымақтастықты да талқылады.