Елбасы • 07 Қазан, 2020

Елбасы Президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешімді қалай қабылдағанын айтты

2089 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Президент ретіндегі өкілеттігін өз еркімен тоқтату туралы шешім қабылдамас бұрын болашақ ел басқарар азаматқа қажет қайраткерлік тәжірибе мен тағылым жайын қалай саралағанын айтып берді. Бұл туралы Елбасының "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланған "Абай аманаты" атты мақаласында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елбасы Президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешімді қалай қабылдағанын айтты

"Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді өз еркіммен тоқтату туралы шешім қабылдамас бұрын болашақ ел басқарар азаматқа қажет қайраткерлік тәжірибе мен тағылым жайын ой тезіне, көңіл безбеніне тартып, асықпай, зер сала қарадым", деп жазды Елбасы.

Бұл ретте ол Абайдың билікке қатысты өкінішін қайталамау қажеттігін ескергенін айтып өткен.

"Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап менімен бірге жұмыс істеген Қасым-Жомарт Тоқаевтың адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін есепке алмағанда, оның елдегі ішкі жағдайды саралап қана қоймай, Шығыстың да, Батыстың да тілдерін меңгергендігін, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарғанын, әлемдік саясаттағы Қазақстанның орнын байыптай алатын дипломаттық қырын да ескердім. Сондай-ақ өзім айрықша мән беріп келе жатқан ел бірлігі мәселесі мен адамзаттық құндылықтарды үйлестіру қабілетіне сенім арттым", делінген Тұңғыш Президенттің мақаласында.