Президент • 07 Қазан, 2020

Әуежайлар мен темір жолдарда қатаң эпидемиологиялық бақылау енгізу керек - Президент

625 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық жөнінде кеңесте Мемлекет басшысы әуежайлар мен темір жолдарда қатаң эпидемиологиялық бақылау енгізу керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әуежайлар мен темір жолдарда қатаң эпидемиологиялық бақылау енгізу керек - Президент

"Басқа мемлекеттерде эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде бақылауды күшейту керек. 2020 жылдың 5 қазанындағы жағдай бойынша, Ресейде коронавирус жұқтырудың 12 608 (өсім шамамен 1 пайыз), Өзбекстанда 374 (өсім 0,5 пайыз), Қырғызстанда 244 жағдай (өсім 0,5) тіркелді", деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ел Президенті әуежайлар мен теміржол вокзалдарында эпидемиологиялық бақылаудың қатаң режимін қалпына келтіру, "қызыл аумақтан" келетін адамдарды жедел тестілеуді жолға қою қажет екенін баса айтты.

"Үкімет шет елдермен, әсіресе жағдай күрделеніп тұрған мемлекеттермен жол қатынасын барынша оңтайландыру керек", деді ол.

Сонымен қатар Президент коронавирустың екінші толқынына дайындық бойынша 6 мәселеге тоқталды.

Соңғы жаңалықтар