Елорда • 08 Қазан, 2020

Автобустардағы қолма-қол ақшасыз төлем қаражаттың 40%-ын көлеңкелі айналымнан шығарды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада қоғамдық көліктердегі электронды билет жүйесі қаражаттың 40%-ын көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік берді. Бұл туралы брифинг барысында Нұр-Сұлтан қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Автобустардағы қолма-қол ақшасыз төлем қаражаттың 40%-ын көлеңкелі айналымнан шығарды

"Жылжымалы құрам 100% электронды төлем жүйесімен жабдықталған. Электронды төлемнің үлесі – 100%. Қолма-қол ақшасыз төлем қаражаттың 40%-дан астамын көлеңкелі айналымнан алуға мүмкіндік берді", - деп түйіндеді Даниял Айткенов.

Айта кетейік, азаматтарға ыңғайлы болу үшін бүгінгі күні жолақы төлеудің бірнеше түрі - көлік карталары, SMS, QR кодтары, Face pay, банк карталары жасалған. Бұл бағыт бағдаршамдарды адаптивті басқаруды және қоғамдық көлікті диспетчерлеуді де қамтитын Интеллектуалды көлік жүйесі (ITS) жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар