Абай • 14 Қазан, 2020

Ұлы ақынның мұрасы Қазақстан мен Румыния халқын жақындастырады

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемов Румынияның Мәдениет министрі Богдан Георгиумен кездесіп, екі ел арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мүмкіндіктерін талқылады.

Ұлы ақынның мұрасы Қазақстан мен Румыния халқын жақындастырады

Атап айтқанда, Елші сұхбаттасын қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірі мен шығармашылығымен таныстырды, сондай-ақ ү.ж. 10 қыркүйекте Румынияның астанасында Абайдың бюстінің ашылуына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Сұхбаттасушылар елшілікте концерттерді одан әрі онлайн режимде трансляциялау үшін ұйымдастыру мәселесін, сондай-ақ Қазақстанда ұлы румын ақыны Михай Эминескудің өлеңдер жинағын қазақ тіліне аудару және шығару мүмкіндігін талқылады.

Сонымен қатар, тараптар тақырыптық музей көрмелері мен экспозицияларды өткізуге өзара қызығушылық танытты.