Тексеру қорытындысы бойынша «Теплокоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде полигонның пайдаланылған бөлігін қалпына келтіруді аяқтауға, осы нұсқаманы алған күннен бастап 10 күннен кешіктірмейтін мерзімде Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментімен санитарлық қорғау аймағының көгалдандыру алаңын кентке қарай ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын келісуге, оның нақты орындалу мерзімін көрсете отырып алаң учаскелерін нақтылауға; полигонның бетін тұрақтандыру жөніндегі іс-шараларды оған күл мен күл-қож шаңының түсуіне, іргелес аумақты суару және т.б. мөлшеріне қарай оның бетіне топырақ себу арқылы қалдықтарды орналастыру нормативтері жобасына түзету жүргізу міндеттелді. Бұл жұмыс бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алуға нұсқама берілген, орындау мерзімі – биылғы 1 желтоқсан.
«Теплокоммунэнерго» МКК 2020 жылғы 28 қыркүйектегі хатына сәйкес пайдаланылған жерді көгалдандыру және қалпына келтіру бойынша жұмыстар орындалған. Нұсқаманың 3-тармағы бойынша кәсіпорын полигонның бетін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жобалауды және түзетуді жүргізуде.