Саяси шиеленіс республика бойынша шешуші президенттік сайлаудан бірнеше күн бұрын басталып, әлі де қызу жүріп жатыр. Науқан барысында президент Альфа Конденің жақтастарына зорлық-зомбылық пен шабуылдар жасалды.
Жағдай ушығып, мемлекет басшылығынан үміткерлер елдегі проблемаларды шешу жолдары мен өздерінің бағдарламаларын түсіндіруге мүмкіндік таба алмай отыр. Тіпті қос үміткер сайлауалды бағдарламаларын талқылауға да алаң таппады.
Ел астанасы Конакриде Конденің жақтастары, негізінен жастардан құралған топтар президенттікке үміткер Туре Диаллоның бағандарын жауып, оны қолдауға шақырған, үгіт плакаттарын жыртып тастады. Бұл жағдайды одан әрі ушықтыра түсті.
Amnesty International ұйымының есебіне сәйкес, 2019 жылдың қазан айынан бастап 2020 жылдың шілдесіне дейін митингілер кезінде жалпы 50 адам қаза тапқан көрінеді. Олардың көбі негізінен қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері. Сонымен бірге 200-ден астам адам жарақат алған. Ұсталып, қамауға алынғандар да аз емес.
Гвинея азаматтық қоғам топтары дауыс беру аяқталғаннан кейін тәртіпсіздіктерге жол бермеу үшін халықаралық бақылаушыларды жіберуді жоспарлап отыр. Гвинея Азаматтық қоғам ұйымдары конфедерациясының президенті Данса Курума барлық саяси қайраткерлерді бейбітшілікті қолдауға шақырды.
«Сайлаудан кейін елімізде тыныштық орнағанын қалаймыз. Барлық мәселелерімізді тек бейбіт жолмен шеше аламыз», деп сендірді Курума.