Спорт • 19 Қазан, 2020

Елімізде 36 мыңнан астам адам жаттығатын 97 кәсіби спорт клубтары бар - министр

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде республика бойынша 36 мыңнан астам адам жаттығатын 97 бірлік кәсіби спорт клубтары бар. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 36 мыңнан астам адам жаттығатын 97 кәсіби спорт клубтары бар - министр

"Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында Мәдениет және спорт министрлігінің алдына халықты, оның ішінде ең алдымен балаларды дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналысуға белсенді тарту, сондай-ақ спорт секцияларын ашу және "балалар үйірмелерінің" қызметін қалпына келтіру міндеті қойылды. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары шеңберінде Мәдениет және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп "Кәсіби спорт клубтарын ұстауға жіберілетін қаржы қаражатын халықты, ең алдымен балаларды дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналысуға тартуға қайта бағдарлау" (ЖҰЖ 74-тармағы) және "Барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу және "балалар үйірмелерінің" қызметін қалпына келтіру" (ЖҰЖ 75-тармағы) бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда", деді А.Райымқұлова.

Оның айтуынша, бүгінде республика бойынша 36 мыңнан астам адам жаттығатын 97 бірлік кәсіби спорт клубтары бар.