Қоғам • 21 Қазан, 2020

Қан тапсыру – сауапты іс

12 рет көрсетілді

Елорда тұрғындары «Қан тапсыр – өмір сыйла» атты акцияға қатысып, қайырымды іске үлес қосты.

Шараны Қазақстан халқы Ассам­блея­сы мен Денсаулық сақтау ми­нистр­лігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы ұйымдастырды. Достық үйінің алдында таңнан бастап елордалық этномәдени орталықтардың өкілдері мен қала тұрғындары қан тапсырды. Мамандар қан тапсыру үшін барлық көрсеткіштер дұрыс болуы қажет екенін әр волонтерге түсіндірді. Донорлар өзімен бірге жеке куәлік пен антисептик алып келуі керек еді.

«Қайырымды шараны эпидемия­лық жағдайды ескере отырып өт­кіздік. Жаһанды жаулаған пандемия кезінде де басқа науқастардың ден­сау­лығына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Ниет білдірушілер ең алдымен сауалнама толтырды. Егер адам туберкулез, вирустық гепатит, безгекпен, бруцеллезбен немесе ревматизммен ауырса, оның қаны қабылданбайды. Жоғары немесе төмен артериялық қысым, эпилепсия және өмірлік маңызды органдары ауыратын жандарда да қан тапсыра алмайды», дейді Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.

Бірнеше сағат ішінде 30-ға жуық адам қан тапсырған. Донорлар осы қарапайым әрекеті арқылы біреуге өмір сүруге мүмкіндік беретіндеріне сенімді. Олар одан бөлек арасында қан тапсырып тұру өз денсаулығына да пайдалы екенін айтады.

«Мұндай қан тапсыру акциясына жыл сайын қатысамын. Жасым 59-да. Қан орталығынан құрылған арнайы топ мамандарының дәл жұмысымыздың алдына келіп, қызмет көрсетіп жатқандары бізге өте ыңғайлы болды. Арнайы барып тапсыруға әдетте уақыт тапшы болып жатады. Елдегі соңғы жағдайлардан кейін, қауіпсіздік шараларына сәйкес медициналық мекемелерге қажет болмаса бармай жүр едік. Қайырымды іске алғаш рет қатысып жатқандары да бар», деді Достық үйінің қызметкері Қанатбек Әмірбеков.

Қатысушылар мұндай науқандар халықтың қоғамдағы өзекті мәселеге назарын аударып, сол іске жұмылуына сеп болады деп есептейді. Себебі донорлық – әлі де кенже қалып келе жатқан сала. Ай­та кетейік, іс-шара барлық санитар­лық нормаларды сақтай отырып өтті.

 

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар