Елорда • 21 Қазан, 2020

Бас шаһар жолдарында ерекше жолақтар пайда болды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас шаһар жолдарында ерекше жолақтар пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бас шаһар жолдарында ерекше жолақтар пайда болды

Ерекше жолақтар әл-Фараби (бұрынғы Угольная) көшесінде бірден төрт сызық пайда болған. 

"Мұндай тәжірибе жасауға не себеп болғаны белгісіз. Ереже бойынша қосарлы бүтін сызық төрт және одан көп жолағы бар көшелерге салынады. Мамандар көшенің алты жолақты екенін байқап, ондағы таңба санын арттырса керек", дейді жазбада.

Сондай-ақ тағы бір нұсқа бұл мүлде басуға болмайтын таңба. Егер әдеттегі қосарлы бүтін сызықты бассаңыз алты айға дейін жүргізуші куәлігінен қағылуға болады.

"Мұны елемегендер темір торға қамалуы да мүмкін", дейді басылым.