Коронавирус • 22 Қазан, 2020

Коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаған ерікті қайтыс болды

1603 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бразилияның денсаулық сақтау саласындағы Anvisa ұлттық қадағалау агенттігі коронавирусқа қарсы ұлыбританиялық AstraZeneca компаниясы мен Оксфорд университеті өндірген вакцина сынақтарына қатысқан азаматтың қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаған ерікті қайтыс болды

Қадағалаушы органның мәлімдемесін G1 порталы жариялады.

Құжатта ер адамның өлімінің себебін "этикаға байланысты" жария етілмеді, сондай-ақ ерікті плацебо немесе белсенді препарат қабылдағаны туралы ақпарат айтылмаған.

AstraZeneca компаниясы G1 порталына вакцина қабылдаушының өліміне қатысты ресми ұстанымы жоқ екенін және бұл ақпаратқа түсініктеме бермейтінін айтты. Ал Оксфорд университеті вакцинаның қауіпсіз екенін айтып өтті.

Қазір вакциналарды сынаудың халықаралық қауіпсіздігін бағалау комитеті оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Бразилиялық БАҚ "халықаралық зерттеуге байланысы бар дереккөздерге" сілтеме жасап, COVID-19 асқынуынан қайтыс болған ерікті плацебо қабылдағанын хабарлады.