Әлем • 22 Қазан, 2020

Ресейде қарашадан бастап жаппай вакцинация жасаулы мүмкін

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация қарашаның соңында басталуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz

Ресейде қарашадан бастап жаппай вакцинация жасаулы мүмкін

"Сапаны бақылауды ескеріп, вакциналарды көптеп жеткізуді жоспарлап отырғанымызды айтқым келеді. Бұл қарашаның немесе желтоқсанның соңғы күндері болады, өйткені мұнда өндірістік цикл мен сапаны бақылау толық қамтамасыз етілуі керек", деді Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлер одағының съезінде.

"Россия 1" телеарнасына берген сұхбатында ол вакцинация ерікті түрде жасалатынын түсіндірді.

"Біз халықтың қызығушылығы өте жоғары екенін көріп отырмыз. (...) Біріншіден, медицина қызметкерлері мен тұрғындармен көп кездесетін адамдарға беріледі", деді Ресей денсаулық сақтау министрі.

Ол, сонымен қатар, коронавирусқа қарсы үшінші ресейлік вакцинаны зерттеу нәтижелері желтоқсан ортасына дейін күтіліп отырғанын айтты.