Парламент • 22 Қазан, 2020

Сенаторлар ТМД ПАА Тұрақты комиссиясының отырысына қатысты

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТМД Парламентаралық Ассамблеясының штаб-пәтерінде Аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология жөніндегі комиссияның, сондай-ақ Бақылау-бюджеттік комиссияның онлайн отырыстары болып, оған Сенат депутаттары Ақылбек Күрішбаев пен Ольга Перепечина қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаторлар ТМД ПАА Тұрақты комиссиясының отырысына қатысты

Ақылбек Күрішбаев әріптестерімен бірге  "Таулы аймақтарды дамыту және қорғау туралы", "Қоршаған ортаға келтірілген зиянды жою туралы", "Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелер туралы", "Астық туралы", "Радиоактивті ластанудан зардап шеккен аумақтардың құқықтық режимі туралы" үлгі заң жобаларын талқылады.

Комиссия мүшелері 2020-2022 жылдарға арналған үлгі заң шығарудың ұзақ мерзімді жоспарының іске асу барысын талқылады. Сонымен қатар, Молдова Республикасының аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология саласындағы заңнамасын дамыту туралы және комиссияның бастамасымен ТМД ПАА қабылдаған үлгі заңнамалық актілерді пайдалану туралы есепті тыңдады.

1

Сенатор Ольга Перепечина Бюджеттік-бақылау комиссияның отырысына қатысты және онда ТМД Парламентаралық Ассамблеясының қаржылық қолдауына қатысты бірқатар мәселелер сөз болды. Күн тәртібіне Ассамблеяның қызметін қаржыландыру, бюджетті қалыптастыру және орындау мәселелері енген болатын.

Комиссия мүшелері ТМД ПАА-ға мүше елдерде алдағы жоспарлау кезеңіне арналған мемлекеттік бюджет туралы заңдардың қабылдануы туралы ақпарат алмасты. Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар ТМД ПАА кеңесінің қауымдастық қызметіндегі қаржылық мәселелерге қатысты шешімдерінің жобаларын дайындауды ұсынды.