"Сайлау процесі" Сайлау туралы заңмен реттеледі және осыған байланысты бізде онлайнда дауыс беру мәселесі қарастырылмаған. Біз бұл сайлауды әдеттегі жүйе бойынша, қағаз бюллетеньдерді қолданып өткіземіз, яғни біздің сайлаушыларымызға бұл тұрғыда ешқандай жаңалықтар жоқ болады", деді Берік Имашев ОСК отырысында.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына белгілеген болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған депутаттардың сайлауы 2021 жылы 11 қаңтарда өтеді.