Руханият • 23 Қазан, 2020

«Мың күбі» мүсіні

532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр Жаңаарқа ауданында ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы мен ауданның 90 жылдық мерейтойы аясында бір мезетте мың күбіде 10 мың литр қымыз пісу жобасы сәтті іске асырылған еді.

«Мың күбі» мүсіні

Айта кету керек, жа­ңаарқалық қыз-келін­шектер қол жеткізген бұл нәтиже халықаралық са­рапшылар тарапынан ресми түрде мақұлданып, рекордтық көрсеткіш ре­тінде тіркелген болатын.

Таяуда, қалың қазақты таңдай қақ­тырған осы игі істің құрметіне арнап аудан орталығына кіре беріс жерде «Мың күбі» мүсіні орнатылды. Ескерткіштің қойы­луы­на кент әкімдігі мұрындық болып, жақ­сы бастама жаңаарқалық белсенді азаматтар тарапынан қолдау тапқан.

«Күбі піскен қазақ қы­зының ғажайып мүсіні өткенді еске салып, өл­кеміздің көркіне көрік қосады», дейді ескерткіштің орнатылуына ат салысқан ел азаматтары.

 

Қарағанды облысы,

Жаңаарқа ауданы