Саясат • 23 Қазан, 2020

Шетелдік байқаушылар мәселесі қаралды

264 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметін ұйымдастыратын қаулы қабылдады.

Шетелдік байқаушылар мәселесі қаралды

Орталық сайлау комиссия­сы 2021 жылғы 10 қаңтарға тағай­ын­далған Қазақстан Республикасы Пар­ламентінің Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезек­ті сайлауындағы шет мемле­кет­тердің, халықаралық ұйым­дар­дың байқаушылары, шетел­дік бұқаралық ақпарат құрал­дары­ның өкілдері қызметінің кей­бір мәселелеріне қатысты отырыс өткізді. Жиынға саяси пар­тия­лардың өкілдері, Қазақ­стан Республикасы Сыртқы істер ми­нистрінің орынбасары Мар­ғұлан Баймұхан, онлайн режім­де облыстардың, Нұр-Cұлтан, Алматы және Шымкент қалала­ры­ның аумақтық сайлау комиссиялары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Орталық сайлау комиссия­сы­ның мүшесі Анастасия Щегор­цова Қазақстан көптеген халық­аралық ұйымдардың мүшесі ре­тінде халықаралық бай­қау инс­титутын ашу жөніндегі мін­дет­темелерін орындайтынын хабар­лады. «Шет мемлекеттер мен ха­лық­аралық ұйымдардың байқау­шылары Орталық сайлау комис­сиясының төрағасы мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер ми­нистрінің шақыруы бойынша қатыса алады», деді А.Щегорцова.

Сондай-ақ отырыс барысында Ор­талық сайлау комиссиясының қаулысы қабылданды. Онда «Қа­зақ­­стан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңы­­на сәйкес бірқатар ереже бекі­тілген.

«Шет мемлекеттер мен халық­­ара­лық ұйымдардың бай­қау­­шылары Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министр­лігінің ұсынуы бо­йынша аккре­дит­теледі. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі, егер оның Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куәлігі болса, сайлауда байқауды жүзеге асыра алады. Сайлау туралы консти­туциялық заң шетелдік байқау­шы­ларға аудармашының ілесіп жүру мүмкіндігін қарас­тырады. Аккредиттеуді жүргізу дауыс беру күніне бес күн қалғанда, яғни 2021 жылғы 4 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталатынын белгілейді», деді А.Щегорцова.

Орталық сайлау комис­сия­сының төрағасы Берік Имашев ха­лықаралық байқау институтын ашу туралы шешім сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ететініне сенімді.

«Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауында халықаралық байқау институтын ашу туралы шешім қабылдады. Бұл ше­шім біздің сайлау процесіміздің ашық­тығы мен жариялылығын қамта­масыз ету тұрғысында халық­аралық міндеттемелерді қабыл­дауы­мыздың расталуы болып табылады», деді Б.Имашев.