21 қазан күні сағат 22.00 шамасында Қарасай ауданының Шөладыр тауынан табиғатты қорғау полицейлері қоғам өкілдерімен бірлесіп, екі аңшылық ит пен бүйір ілмектері бар шанышқылар түріндегі арнайы браконьерлік құрылғының көмегімен борсықтарды аулаған Қаскелең қаласының 59 жастағы тұрғынын ұстады. Оған тиесілі “Нива” маркалы автокөлікті тексеру кезінде тәртіп сақшылары өлтірілген екі борсықты, бетінде қан іздері бар екі итті, сондай-ақ браконьерлік шанышқыларды тапты.
Ұсталған адамның Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының орманшысы болып табылатындығы анықталды және қызметтік міндеттеріне сәйкес ол браконьерлікпен күресуге тиіс болатын. Аталған дерек ҚР ҚК 337-бабының 4-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Алматы облысында борсықтарды заңсыз аулаған орманшы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Азия Чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов қоржынға күміс жүлде салды
Бокс • Бүгін, 15:05
Махмұд Сабырхан алғашқы алтынды еншіледі
Бокс • Бүгін, 14:53
Оқиға • Бүгін, 14:40
Президент ӨСАБ ұйымының басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:39
Құрылыс – ел экономикасы өсімінің басты драйвері - депутат
Парламент • Бүгін, 13:37
«Жастар» Сарайының 50 жылдығы тойланады
Аңдатпа • Бүгін, 12:46