Қазақстан • 23 Қазан, 2020

Алматы мен СҚО-да аналогтық телехабар тарату желісінің өшірілуі кейінге шегеріледі

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында аналогтық телехабар тарату желісін өшіруді 2021 жылдың ақпан айына ауыстыру жоспарланып отыр. Коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантин кезінде халық ақпараттық ошаулауға түсіп қалмас үшін осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы мен СҚО-да аналогтық телехабар тарату желісінің өшірілуі кейінге шегеріледі

Қазіргі уақытта COVID-19 вирусы таралуының алдын алу жұмыстары аясында Қазақстан Республикасы аумағында карантиндік шара қолданылуда, соған байланысты халықты барлық ақпарат көздері арқылы ақпараттандыру қажеттілігі туындайды. Негізгі ақпарат көзі - телерадиоарналар эфирінде карантиндік талаптарды орындау қажеттігі жөнінде сағат сайын хабарландыру жүзеге асырылып отыр.

"Қосымша сұрақтарыңыз болса "Қазтелерадио" АҚ call-орталығына келесі нөмірлер арқылы хабарласуларыңызды cұраймыз", делінген хабарламада.