Елорда • 26 Қазан, 2020

Отбасылар арасындағы жүгіру марафонының жеңімпаздары марапатталды

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1-21 қазан аралығында "Отбасы – бақыт мекені" отбасы институтын нығайту жөніндегі шаралар кешені аясында елордадағы жас отбасылар арасында жүгіру марафоны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Отбасылар арасындағы жүгіру марафонының жеңімпаздары марапатталды

Жеңімпаздар триатлон паркінде тәжірибелі жаттықтырушы және "Street Workout Kazakhstan Тур" негізін қалаушы Айтым Жақыповтың қатысуымен марапатталды.

Марафон барысында ең ұзақ қашықтыққа жүгірген жеңімпаз 20 отбасының есімі белгілі болды. Оларға тұрмыстық техника мен электроника сатып алуға 50 мың теңгенің сертификаттары, сондай-ақ "Отбасы – Бақыт мекені" жобасының мерейтойлық медальдары мен бас киімдері табысталды.

"Жақсы әдет қалыптастыру үшін 21 күн қажет дейді. Шара ұйымдастырушылары қатысушыларда бірге жүгіру әдеті қалыптасты деп үміттенеді. Бұл иммунитетті жақсартып қана қоймай, ерлі-зайыптыларға бірлескен хоббиді табуға мүмкіндік береді", делінген хабарламада.