Қашықтан оқыту кезіндегі жиынтық бағалау:
2-11 сыныптарда аптасына 2 және одан да көп апталық жүктемесі бар оқу пәндері бойынша формативті бағалау, бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) жүргізіледі.
2-11 сыныптарда аптасына 1 сағат оқу жүктемесі бар оқу пәндері бойынша формативті бағалау, БЖБ жүргізіледі және олардың негізінде жарты жылдыққа баға қойылады (ТЖБ жүргізілмейді).
1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістігі бағаланбайды. Жылдық баға қойылмайды.
БЖБ және ТЖБ саны бір күнде үш жиынтық бағалаудан аспау керек.
2-4 сыныптарда БЖБ және ТЖБ уақыты реттелмейді, әр пән бойынша 2 тапсырмадан аспайды.
5-11 сыныптарда 3 тапсырмадан артық берілмейді.
БЖБ және ТЖБ кестесін мектеп әкімшілігі әзірлейді.
БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын мұғалімдер пәндер бойынша спецификацияға сәйкес өздері дайындайды.