Қоғам • 29 Қазан, 2020

Қазақстан-Литва жұмыс тобының екінші отырысы өтті

145 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бейнеконференция арқылы туристік қызметтер мен өнімдерді жылжыту бойынша Қазақстан-Литва жұмыс тобының екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан-Литва жұмыс тобының екінші отырысы өтті

Аталған салалық жұмыс тобы сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Литва үкіметаралық комиссиясының шеңберінде құрылған.

Екінші отырыстың жұмысын жұмыс тобының тең төрағалары, Литва Республикасының Экономика және инновация вице-министрі Валерия Янкаускайте-Милчувене және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев ашып, алғы сөздерімен алмасты және отырыстың күн тәртібі бойынша өз пікірлерімен қысқаша бөлісті.

Сонымен қатар, жұмыс тобының отырысына тараптардың авиациялық билігі, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері қатысты. Сондай-ақ топқа Литва туристік қоғамдастығының 7 өкілі және қазақстандық тараптың 38 туристік ассоциациясы мен туристік компаниялары қатысты.

Кездесудің күн тәртібі шеңберінде тараптар өз елдеріндегі туризмге қысқаша шолу жасады, туризм саласының мәселелерін талқылады, туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын, атап айтқанда, "Нұр-Сұлтан-Вильнюс" тікелей рейсін қалпына келтіруді, халықаралық имидждік іс-шаралар мен көрмелерге өзара қатысу, және олар сонымен бірге COVID-19 коронавирус пандемиясының зардаптарын жеңу үшін туристік секторда тәжірибе және қабылданған іс шаралармен алмасты.

Литва мен Қазақстанның салалық қауымдастықтары санаторий, эко, ауылшаруашылық және туризмнің басқа түрлеріндегі паритетті дамыту бойынша ынтымақтастық және серіктестік бағыттары туралы өздерінің көзқарастарын ұсынды.

Пікірталастар нәтижесінде Қазақстан мен Литваның туристік секторының өкілдері өзара алмасып, ынтымақтастықтың жаңа тауашаларын анықтады.

Кездесу нәтижесінде тараптар осы жұмыс тобын тұрақты түрде өткізіп тұруға шешім қабылдады, ол туризм ведомстволары мен туристік индустрия өкілдері арасындағы байланыстарды орнатуға және нығайтуға ықпал етеді, оның ішінде одан әрі ынтымақтастық бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу тұрғысынан.