Аймақтар • 30 Қазан, 2020

Қостанай университетінде “Рухани жаңғыру” бағдарламасының жүзеге асу барысы талқыланды

14 рет көрсетілді

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова Қостанай өңірлік университетінің жанынан жұмыс істеп жатқан облыстық "Рухани жаңғыру" орталығында болып, офис жұмысымен танысып, орталық қызметкерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша тікелей жұмыс жасап жатқан үкіметтік емес ұйымдар мен мекемелердің өкілдері қатысқан кездесуде аталмыш бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы әңгіме өрбіді.

"Әкім орынбасарының "Рухани жаңғыруға" қатысты жұмыстарды жүргізу барысында флешмобтық немесе соған жақын формадағы іс-шаралардан арылу қажет және қоғамдық сананы өзгертетін терең мағыналы, практикалық сипаты бар жұмыстарға көңіл аудару керек деген мазмұндағы ойы көңілден шықты. Өз тарапымыздан университеттің академиялық ортасы Қостанай өңірінің ономастикасына, тарихына, мәдени құндылығына қатысты ауқымды зерттеулерге бастамашы болуға да, қосшы болуға әлеуеті мен қарымы бар екендігін айтып, облыс көлемінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде белсенді түрде жүргізетін жұмыстардың бағыты туралы ойымызды ортаға салдық. Атап айтқанда, облыс көлемінде тарихи деректер мен дәйек көздеріне сүйенген кешенді ономастикалық зерттеулер жүргізу, өңір тарихы мен мәдениетіне қатысты рухани мұраларды жариялау, шекаралық ауылдардың жай-күйі сынды мәселелер қозғалды. Әкім орынбасары көтерілген мәселелерге түсіністікпен қарайтынын танытып, ол жұмыстарды атқарудың жолын табу мәселесіне тоқталды. Біздіңше, әкім орынбасарымен жүздесу сындарлы, салмақты, еркін жағдайда жүрді. Жаңа басшы пікірлесуге, ой бөлісуге ықыласты екенін танытып, қасаң көзқарастардан алшақ болуға ұмтылатынын байқатты", деді "Рухани жаңғыру" орталығының жетекшісі, профессор Алмасбек Әбсадық.

Кездесу барысында патшалық Ресейде шығып тұрған "Тургайская газета" басылымындағы Қостанай, Торғай өңіріне қатысты рухани мұраларды жеке жинақ етіп бастырып шығару мәселесі қозғалды.  

Соңғы жаңалықтар

Он бір ауылға газ жетті

Экономика • Бүгін, 06:29

Мектеп жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 06:27

Малды жаңаша бағатын қожалық

Экономика • Бүгін, 06:25

Қазталов деген аудан бар

Аймақтар • Бүгін, 06:24

Ластанған жерді дронмен табады

Технология • Бүгін, 06:18

Жоспар жақсы, үміт мол

Аймақтар • Бүгін, 06:17

Ұқсас жаңалықтар