Қиын сәтте халыққа той-томалақты, бас қосуларды доғара тұрғандары жөн. Осыған орай облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігері "тұрғындарға корпоративті, салтанатты, отбасылық және басқа да іс-шараларды өткізуге жеке үй мен ғимараттарды жалға алуға тыйым салынады", дейді жаңа қаулысында.
Ал талаптардың орындалу-орындалмауын құзырлы органдар қатаң қадағалайтын болады.
Шығыс Қазақстан облысы