Аймақтар • 02 Қараша, 2020

Өрт сөндіруші ана мен баланы құтқарды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейдегі Космонавтар көшесіндегі үйлердің бірінен өрт шығып, төменгі қабаттағы үйдің балконы отқа оранған. Өрт сөндірушілер мен тоғыз қабатты үйдің тұрғындары қауіпті аймақтан өздіктерінен шығып үлгіргенімен, баласын көтерген ананы өрт сөндіру қызметкері алып шыққан.

Өрт сөндіруші ана мен баланы құтқарды

Осы үйде тұратын өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Әділ Еркінұлы кезекшіліктен кейін үйінде еді. Кенет дәліздегі шуды ести салысымен сыртқа шықса, көрші пәтерден қара түтіннің будақтап жатқанын көреді. Әділ жанұшыра көмекке ұмтыла бере дәлізде бала ұстаған әйелмен соқтығысып қалған. Ол дереу 2014 жылы туған қыз баланы көтеріп алып, таза ауаға шығарды. Содан кейін пәтерлердің есігін қағып, барлық тұрғындарды оятқан. Әділдің арқасында ешкім зардап шекпей, уақтылы үйден шықты.

Келіп жеткен өрт сөндірушілер жалпы ауданы 15 шаршы метрдегі өртті ауыздықтады. Мамандардың болжауынша, өрт абайсызда немесе мас күйде темекі шеккендіктен шығуы мүмкін.

Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен арпалысып жатқанда далаға шығарылған тұрғындар арнайы «Вахтовка» көлігіне орналасты.

 

Семей