- Өзім зейнеткермін, жалғыз тұрамын. Зейнетақымның көбі дәрі-дәрмек сатып алуға кетеді. Жұма сайын осында келіп бір-екі бөлке нан, алма алып кетемін. Мен сияқты жалғыз басты қарт адамдардың тағдырына бейжай қарамаған тергеу мекемесі қызметкерлерінің қайырымды ісі қуантады, дейді зейнеткер Людмила Чернышова.
Қостанай облысының қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УК-161/1-мекемесінің инспекторы Лаура Мергенованың айтуынша, мекеме қызметкерлері "Қайырымдылық сөресі" акциясы арқылы қала тұрғындарын бір-біріне қайырымды, жанашыр, бауырмал болуға үндегісі келеді. Қайырымдылық шарасы 2020-жылдың соңына дейін жалғасады.
Қостанай облысы