Қаланы қардан тазартуға арналған 80 техника әзір тұр. Оның ішінде автогрейдерлер, тиегіштер, сыпыру-щетка техникасы және құм шашқыштар бар.
"Биыл біз "Семей Тазалық" ЖШС-мен үш жылдық келісім-шарт жасастық. Бұрын мұндай тәжірибе қолданылмаған. Жыл сайын бізде конкурс өткізіліп, жеңімпаз тек бір жылға анықталатын. Бірақ, үлкен қалалардың тәжірибесін ескере отырып, шарт үш жылға ұзартылды. Кәсіпорындардың дайын болғанымен, техникаларда аздаған кемшіліктер бар. Бірақ олар жақын арада шешіледі", - деді Нұрлан Серғазинов.