Сонымен, алдағы дүйсенбіден бастап:
- Қостанай қаласының айналасына жәнеРесеймен шекаралас
Аудандарға кіреберіс жердегі автокөлік жолдарынатосқауыл бекеттері қойылады;
- күн сайын 10-нан астам тұрғыны коронавирус жұқтырған елді
мекендерге санитарлық тосқауыл бекеттері қойылады;
- ПЦР анықтамасы жоқ жүк көліктері мен жолаушылар Қостанай
облысына кіргізілмейді. Анықтамасыз жолаушылар екікүндік тексеруден өту үшін карантиндік госпитальға жіберіледі;
- әуе жолаушылары өздерімен бірге міндетті түрде теріс нәтиже
тексеру көрсеткенін растайтын ПЦР-анықтамаалып жүруі керек (жарамдылық мерзімі – 3 тәулік);
- жолаушыларды қарсы алушылар мен шығарып салушылар
әуежайлар мен теміржол вокзалдарына кіре алмайды (билеті бар адамдар ғана кіре алады);
- темір жол тасымалының көлемі мен жиілігі қысқарады («Қазақстан
темір жолы» АҚ-ның келісімімен);
- облыс аумағындағы елді мекендердің тұрғындарына сағат 21:00-ден
06:00-ге дейін жүруге шектеу қойылады;
- Қоғамдық көліктердің жұмыс істеуіне сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін ғана рұқсат етіледі. Қоғамдық көліктер демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді;
- Діни нысандардың жұмысы тоқтатылады (мешіт, шіркеу, собор,
синагог, т.б.);
- Мәдени нысандардың, кітапханалар мен музейлердің қызметі
тоқтатылады;
- Қоғамдық тамақтану орындары сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді, бірақ 30-дан көп адамның бірге тамақтануына тыйым салынады. Отбасылық, ұжымдық отырыстар мен салтанатты шараларға, ас өткізуге рұқсат етілмейді;
- Сұлулық салондары мен шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін орындар келушілерді жазбаша кезекке қою арқылы сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді;
- Фитнес-орталықтары мен жаттығу залдары, спорттық-сауықтыру орталықтары жұмыс күндері алдын ала жазбаша кезекке тіркеу тәртібімен сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Алайда бір адамға арналған орын 5шаршы метрден кем емес болуы шарт. Бұл нысандар демалыс, мереке күндері жұмысын тоқтатады;
- Спортшылардың Қазақстан Республикасынан шет жерлерге оқу-
жаттығу жиындарына, жарыстарға баруына шектеу қойылады;
- Жерлеу рәсімі барысында 20-дан артық адамның (отбасы мүшелері
мен жақын туыстар) бір жерге шоғырлануына болмайды. Мұндай жағдайда 2 метрден кем емес арақашықтық сақталуы шарт;
- Жиналыс (кеңес) өткізуге тыйым салынады;
- Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметшілерінің 80%-ы қашықтан жұмыс істейді;
- Таксиге 2 адамнан артық мінуге болмайды және такси жұмысына
сағат 21:00-ден 06.00-ге дейін шектеу қойылады;
- Театрлар мен кинотеатрлардың жұмысы тоқтайды;
- Сауда үйлері, сауда орталықтары мен азық-түліктен басқа тауарлар
сататын дүкендер сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін ғана жұмыс істейді;
- Азық-түлік дүкендері сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді;
- Термопарк жұмысын тоқтатады;
- Демалыс және мереке күндері қалааралық қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды.
Қостанай облысы