Жиында облыс аумағында тұрып жатқан азаматтығы жоқ, сондай-ақ өзінің шет мемлекеттің азаматы екенін дәлелдей алмайтын адамдардың құқықтық мәртебесін айқындау жөнінде мәселе көтеріліп, мұндай азаматтардың мәртебесін реттеу жөніндегі бірлескен жұмысты одан әрі жандандырудың тетіктері мен жолдары талқыланды.
Махаббат Ахметбекованың айтуынша, биыл бюро мен полиция органдарының бірлескен жұмыстарының нәтижесінде Қостанай облысында 36 адам Қазақстан Республикасы азаматтығын және азаматтығы жоқ екенін дәлелдейтін куәліктер мен шетел азаматтығын айғақтайтын құжат алған.
Жалпы жыл басынан бері Адам құқықтары жөніндегі бюроның Қостанай филиалы мен ішкі істер органдарына 100-ге жуық адам жүгініпті.
Облыстық көші-қон басқармасының бастығы Қайрат Дүтпаевтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті атқарыла береді.
– Көші-қон қызметі мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері облыста тұратын адамдарды азаматтың жеке басын куәландыратын құжатсыз анықтау және оларға мәртебе беретін құжат ресімдеу мақсатындағы бірлескен жұмыстарды жандандыра түседі, – деді Қ.Дүтпаев.
Жиында азаматтардың құжаттарын ресімдеу барысында туындайтын кедергілер мен өзекті мәселелер талқыланып, алдағы міндеттер айқындалды.
Қостанай облысы