Оқиға • 10 Қараша, 2020

Аудан орталығы ажарлана түсті

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысындағы сары бидайымен аты шыққан Сарыкөл ауданының орталығындағы абаттандыру жұмыстары биыл жаз бойы толастаған жоқ. Мәселен, орталық алаңдағы Тәуелсіздік монументі мен Даңқ қабырғасын күрделі жөндеу жұмыстары таяуда ғана аяқталып, жаңа кейіпке енген келісті ескерткіштер ауылдың ажарын аша түсті.

Аудан орталығы ажарлана түсті

Жаңартылған ескерт­кіш­тердің айналасы абаттандырылып, ағаш көшеттері отырғызылды. Гүлзарлар ке­­ңейтіліп, монументтің ма­ңына тұрғындар бір ауық отырып, демалатын орын­дықтар қойылды.

– Биыл Сарыкөл кен­­тінің орталық алаңын абат­тандыруға көп күш жұм­садық. 2008 жылы орна­тыл­ған Тәуелсіздік стелласы күрделі жөндеуден өткізілді. Жарамсыз керамогранит төсеніштері ауыстырылып, гүлзарлардың сыртқы түрі өзгерді. Мұның бәрі жер­гілікті бюджет пен ауыл кәсіп­керлерінің қаржысына жасалып жатқан дүние, – деді ауыл әкімі Сергей Горшенин.

2018 жылы салынып, биыл қайта жаңартылған Даңқ қабырғасында осы ауыл­дан Отан соғысына ат­танған майдангерлер мен Еңбек ерлерінің есімдері, аудан, облыс көлеміне белгілі ауылдың азаматтарының фото­­суреттері ілулі тұр. Бұл ескерткіш те әктеліп, сырланып, жаңа кейіпке енген.

Ауылдың орталық ала­­ңына жаңа кеспетас тө­се­ліпті. Енді мереке күн­дері салтанатты іс-шаралар өт­кізуге арналған сахна мен мінберді жаңарту жұмыс­тары жүріп жатыр.

 

Қостанай облысы