23 Қараша, 2013

Бір елбасы – бір халық – бір стратегия

450 рет
көрсетілді
18 мин
оқу үшін

01-барс стратегия 2050 colБіздің басты мақсатымыз –2050 жылға қарай дамыған экономикасы мен жалпыға ортақ еңбекке мүмкіндігі бар мықты мемлекет негізінде игілікті қоғам құру.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Президенті.

 

 

ӨЗАРА ТҮСІНІСТІКТІ ҚАДІР ТҰТҚАН ҰЖЫМНАНМЫН

Барлығымыз біздің табыстарымыз үшін мақтаныш сезіміне бөленеміз. Және бұл туралы «Қазақстан-2050» Стратегиясында Мемлекет басшысы тағы бір мәрте еске салып өтті: «Әлемдік дағ­­дарыс біздің мемлекет және қоғам ретінде қалып­тас­­қанымызды қуаттап берді. Біздің шекараларымыз, сая­си жүйеміз, экономикалық моде­ліміз еліміздің ішінде де, сыртында да енді айтарлықтай пікір алшақтығы мен пікір­таластардың тақырыбы болып табылмайды».

 

Біздің басты мақсатымыз –2050 жылға қарай дамыған экономикасы мен жалпыға ортақ еңбекке мүмкіндігі бар мықты мемлекет негізінде игілікті қоғам құру.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Президенті.

01-барс стратегия 2050 col

 

ӨЗАРА ТҮСІНІСТІКТІ ҚАДІР ТҰТҚАН ҰЖЫМНАНМЫН

03 7Барлығымыз біздің табыстарымыз үшін мақтаныш сезіміне бөленеміз. Және бұл туралы «Қазақстан-2050» Стратегиясында Мемлекет басшысы тағы бір мәрте еске салып өтті: «Әлемдік дағ­­дарыс біздің мемлекет және қоғам ретінде қалып­тас­­қанымызды қуаттап берді. Біздің шекараларымыз, сая­си жүйеміз, экономикалық моде­ліміз еліміздің ішінде де, сыртында да енді айтарлықтай пікір алшақтығы мен пікір­таластардың тақырыбы болып табылмайды».

Жеке өз басым үшін та­быс­тарымыздың арифмети­касы қарапайым – жақсы ең­бек ет, кәсіби деңгейіңді жо­­­ғарылат, сонда әр күн сен үшін ілгерілеу болады. Бі­рақ біздің ісімізде цех­та­ғы жол­дастарымыздың қол­дауы, өз­ара көмек қолын со­зу­ла­ры аса маңызды. Ме­тал­лург­тердің табысы – ортақ жұ­мыстың нәтижесі. Мұнда әр­кімнің жеке-дара қасиеті, дос­тықты құрметтей білуі та­­­бысқа жетудің өзіндік бір ка­­та­лизаторы болып табыла­ды.

Кезінде осындай қағи­дат­­­­­­­тарды қашанда түрлі ұлт­тар­дың өкілдері жұмыс істе­ген Қарағанды металлургия комбинатында Нұрсұлтан Назарбаев барынша ұстануға тырысты. Жас металлург, бо­лашақ мемлекет басшысы өзі ғана достық қарым-қа­тынас қалыптастырып қана қоймай, сондай-ақ, жалпы ұжымда кез келген қиындықтарды жеңуге көмектесетін біртұтастық пен өзара түсіністік ауанын құруға ұмтылды. Бұл ұстаным біздің Президентіміз өткен жылдың 14 желтоқ­са­нында жа­риялаған «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясында көрініс тауып, Елбасы саясатында қисынды жалғасып келеді.

Асқар АХМЕТОВ,

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ домнашысы.

 

КИІМІМІЗГЕ ҚАРАП, ӨЗІМІЗДІ ТАНИДЫ

03 5Біздің отбасылық кәсібіміз бар. Өзім маман­­­дығым бойынша тігіншімін. Шағын шеберхананы 1991 жылы ашқан едім. Біз тәуелсіздіктің құрдастары екенімізді мақтан тұтамыз. Елі­міз­бен бірге өсіп, бірге дамыдық. Ісімізді ұлт­тық сана-сезіміміз бен ұлттық киімге деген қызы­ғушылықтың қайта оянуының арқасында кеңейте алдық. Тапсырыстар театрлардан, мәдениет үйлерінен, концерт ұжымдарынан түседі. Қызым Галина мамандығы бойынша суретші-модельер. Келінім Жұлдыздың модельдік агенттігі бар. Үйлесімді жұмысымыз бізге өзіміздің стилімізді қалыптастыруға мүмкіндік берді.

«Мария» салоны көрші Ресей облыстарында өткен көрмелерде жеңістерге жетті. Біз үшін Мәскеудегі жоғары сән конкурсында «Ұлттық киім» номинациясы бойынша лауреат атағының берілуі маңызды қадам болды. Жақында біз «Қазақстанның үздік тауарлары» өңірлік конкурсында бірінші орынды жеңіп алдық. Қазір «Мария ханым» сән үйі республикалық «Алтын сапа» конкурсына жаңа коллекциясын дайындап жатыр.

Әрине, біздің барлық табыстарымыз мемле­кеттің үлкен көмегінсіз мүмкін болмас еді. Бүгінде кәсіпкерлікті дамы­­­­­туға жақсы жағдайлар жасалып келеді. Осының арқа­сында жаңа техникаларға қол жеткізіп, еңбек жағдайын жақ­сар­тудамыз. «Қазақстан-2050» Стратегиясы Ақтау және Аты­рау қалаларында филиалдарымызды дамытамыз деген ниетімізге серпін қосып, Астанада өкілдігімізді ашуға жағ­дай туғызды.

Мария ҚҰСПАНОВА,

кәсіпкер.

ОРАЛ.

 

ТАБЫСТЫЛЫҚ НЕГІЗІ – ҰЛТТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

03 9«Қазақ­стан-­2050» Стра­­­те­гия­сын бола­шақ дамудың бағ­дарламасы ре­тінде қабылдауға әркез дайынмын. Мен медицина ғы­­­лы­мынан өкілдік ететін ға­лым ретінде стра­тегияда әлеу­мет­тік салаға, атап айтқанда, ден­сау­лық сақтау мен бі­лім беру салалары­­­на үлкен назар ауда­­рылғанын зор қанағат сезіммен атап өтемін. Өзін өзі жеткілікті қамтамасыз ете алатын ғылымның жаһандық бәсе­кеге қабілеттіліктің басты элементтерінің бірі болып табылатынын нақты түсінген жөн. Және ғалымдардың міндеті тек іргелі ғана емес, сондай-ақ, қолданбалы ғылымды дамыту болып табылады. Мұнда адам капиталына ересен екпін түсірілгенінің маңызы айтарлықтай.

Ешқандай да бағдарламаны адамның қаты­суынсыз жүзеге асыру мүмкін емес болса, оның табысты­­­­лығы­­ның басты негізі – денсаулық. Сондықтан, біздің Акаде­­миямызда клиникалық және фундаментальді медицина құру бірінші кезекте әрбір қазақстандыққа деген қам­қор­лықтың нәтижесі болса керек. Ол теоретиктер мен практиктердің басын біріктіруді мақсат тұтса, жан-жақты зерттеу жұмыстары фундаментальді ғылымды ғана дамытып қоймай, практиканы да дамытуға мүмкіндік береді. Осы бағдарламадағы өзімнің жеке үлесімді мен Отанымыздың игілігі жолындағы белсенді педагогикалық, ғылыми және практикалық қызме­тімнен көремін.

Талғат МОМЫНОВ,

Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі.

 

БІЛІМДІ ДЕ БІЛІКТІ МАМАН – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІ ЛІ

03 6Мені стратегиядағы білім бе­ру саласын одан әрі да­мы­ту қажеттігіне екпін түсі­рі­луі ерекше рухтандырды. Мем­лекет басшысының оқу­шы­лар­дың функционалды да­йы­н­дығына және оқытудың жа­ңа технология­ларын енгі­зу­­ге берген тапсырмасы кім-кім­ді де жігерлендіретіні анық. Бүгінде халықаралық деңгейдегі мамандар дайындау міндеті қоғам үшін аса маңызды екенімен кім таласа алады? Бұл орайда жан-жақты дамыған, екі немесе одан да көп тілдерді білетін сауатты мамандар қажет екені айтпаса да түсінікті.

Жұмыс бабымен маған Оң­түстік Қазақстанның түрлі шет­кері аудандарында болуыма тура келеді. Өз басым ауыл мек­­­­тептерінде түрлі тілдер бел­сен­­ді оқытыла бастағаны үшін қат­ты қуанамын. Балалар қа­зақ, орыс және ағылшын тіл­­де­­рін­де еркін сөйлейді. Және мұның Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақ­­сат­керлікпен жүргізіп келе жат­қан жұмысының нәтижесі екені тағы анық. Ал Елбасы үшін ұлтаралық келісім мен ха­лықтың біртұтастығынан артық маңызды ештеңе жоқ. Бірлік бар жерде, тірлік бар дейтін болсақ, білім­ді және толерантты қоғам тәр­биелеу бүгінгі күннің басты ба­сым­­­­дықтарының бірі болып қала бермек.

Людмила КОВАЛЕВА,

облыстық «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газетінің журналисі.

ШЫМКЕНТ.

 

ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕККЕ – ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖОЛЫМЕН

03 1Президенттің сарабдал саясаты қазірдің өзінде елі­міз­дегі көпұлтты халықты бі­ріктіре отырып, Қазақстанды табысты мемлекетке айналдырды. Қалалар мен ауылдар ажарлана түссе, мектептер мен балабақшалар, медицина мекемелері көптеп салынды. Көптеген жаңа кәсіп­орындардың ашылуы мыңдаған жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Мұның өзі қазақстандықтардың ертеңгі күнге деген сенімін арттыра түсті. Осының нәтижесінде болар, Арал өңірінде бала туу көрсеткіші айтарлықтай артып отыр. Мұны бірінші кезекте халықтың әл-ауқатының көтерілгенін айғақтайтын факт деуге болады. Өйткені, ата-ана баланы өмірге әкелмес бұрын оған лайықты болашақ сыйлау мүмкіндігін бағамдайтыны ақиқат нәрсе ғой.

«Қазақстан-2050» Стр­ате­­гиясы ел тұрғындарына эконо­мика мен әлеуметтік салада түбегейлі жаңғыртулардың жа­ңа тетіктерін ашып отыр. Нақ сон­дықтан аталған ұзақ мер­зім­ді бағдарлама халық тарапынан үлкен қолдауға ие болуда. Себебі, қазақстандықтар өмір сапасы жоғары, табысты мемлекетте тұрып еңбек еткенді қалайды. Ал біздің міндетіміз – туған Ота­нымыз бен өз отбасыларымызды қамқорлық құшағына алу.

Татьяна ТЕРЗОПУЛО,

«Стандарт» ПК-нің

жетекші маманы.

ҚЫЗЫЛОРДА.

 

БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН АЛАҢДАМАЙМЫЗ

03 4Президент Нұрсұлтан Назар­баевтың әлемдегі аса дамы­ған 30 мемлекеттің қата­рына қо­сылу туралы міндеті бүгінде үл­кен де күрделі міндет секілді көрі­неді. Бірақ, осыған жету жо­лында үлкен жұмыстар атқа­ры­лып жатқанын көргенде, оның шындыққа айналатынына қапы­сыз сенесің.

Мұны достарым мен өзім­нің отбасымдағы жағдайды біле­­­­­тін­діктен айтып отырмын. Жұ­байым Дәурен екеуміз «Ең­­­бек­­пен қамту-2020» мем­лекеттік бағ­дарламасының мүмкіндігін пай­даланып, қолжетімді несие алдық және жекеменшік сто­ма­тологиялық кабинет аш­тық. Бұл мақсатты біз Ақтөбе меди­ци­налық колледжінде оқып жүр­ген кезімізде-ақ алдымызға қой­ған болатынбыз. Бүгінде, адал ең­бек­тің арқасында, білік­ті­лі­гімізді жетілдіріп, қызмет көр­сету сапасын да арттыра түстік.

Осылайша, Мемлекет бас­шысының кәсіпкерлікті қолдау қажеттігі туралы сөзі өмірден өз орнын тауып отыр. Сапалы стоматологиялық қызмет көр­сетуден бөлек, яғни медицина саласын дамытуға байланысты стратегияда айтылған басымдыққа орай, жұбайым екеуміз өз бетімізше өмір сүру мүмкіндігіне ие болып, ата-аналарымызға да көмек қолын созудамыз әрі екі қыз тәрбиелеп өсіріп отырмыз. Қысқасы, біз бүгінде болашағымызға се­німмен қараймыз және бала­ларымыздың болашағы үшін алаңдамаймыз.

Айнұр АМАНҒАЛИЕВА,

тіс дәрігері.

АТЫРАУ.

 

СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП БЕРУ ДЕҢГЕЙІНЕ КӨТЕРІЛЕЙІК

03 11Өткен жылдың соңында қабылданған «Қазақстан-2050» Стратегиясында Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев барлық қа­зақстандықтар, әсіресе, жас­тар жаңа өмірді тереңнен түсініп, соған өздерін дайындаулары қажет екенін атап көрсеткен бола­тын. Бұл сөздің дұрыстығына өзімнің бала­ла­рымның мысалында айқын көз жеткізіп отырмын.

Ұлым Абай «Арна» колледжі мен А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірсе, ал қызым Гүлден Көкшетау инженерлік-техникалық академиясында «Сертификаттау, стандарттау және метрология» мамандығы бойынша оқиды. Кезінде біз, қарапайым ауыл еңбеккерлері, мұндай терминдер мен түсініктер туралы ештеңе естіген де емес едік. Ал бүгінде БАҚ-тардың ақпараттарынан ХХІ ғасырдағы сын-қатерлердің бірі өндіріс деген түсініктің өзін өзгертіп отырған индустриялы революция екенін білеміз. Мұндай талаптар қазіргі кезде көптеп қойылып отыр. Сондықтан жастарымыз заман талабына әрқашан дайын болып қана қоймай, сын-қатерлерге де лайықты жауап бере алатындай деңгейге көтерілулері тиіс.

Мұрат МАНАТОВ,

«Шағала» шаруа қожалығының мүшесі.

Ақмола облысы,

Зеренді ауданы.

 

ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ ТАБА БІЛУ КЕРЕК

03 10«2050» Стратегиясында зейнетақы жүйесін жетілдіру қарастырылған. Бұл жұмыс қазірдің өзінде айтарлықтай ауқымда жүргізіліп отырғаны белгілі. Сондықтан да шығар, оның қарқыны сапасына кері әсер ете бастады. Осы себепті бұл іске Президенттің өзі араласып, түзетулер енгізуге мәжбүр болды. Мәселен, әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы 63-ке дейін ұлғайтылды. Өз басым бұл шептен өтіп кеттім, бірақ әлі де қосымша жұмыс істеймін. Өйткені, үйде отырып үйренбеген жанмын. Негізгі жұмысымнан да 60 жасымда кеттім, себебі, ұжым басшылығы кідіре тұруымды өтінді, өзімнің де қарсылық та­­­нытқым келмегенін несіне жа­сырайын. Есесіне қазір ең мак­си­мальді зейнетақы аламын.

Дегенмен, басқа әйелдер үшін, оның ішінде жас әріптес­терім үшін алаңдаймын. Олар кейде маған кеңес сұрап қайы­рылады және мен кәсі­­­­би мәсе­лелерді шешуде дәрмен­сіз екендіктерін, тіпті, кейде жауап­кершілік жетіспей жататынын байқап қаламын. Жас келуі­мен байланысты олар бұл кемші­ліктерінен арыла ала ма? Мұндай сұрақ туындамауы үшін мамандарды әу бастан оқытып, тәр­биелеу керек. Нұрсұлтан На­­зарбаев «Қазақстан-2050» Стра­­тегиясында айқындап бер­геніндей, 2050 жылға қарайғы бас­ты міндет – дамыған экономи­касы мен жалпыға ортақ еңбек ету мүмкіндігі бар қуатты мемлекет негізінде игілік­ті қоғам құру.

Любовь БОРОДИНА,

зейнеткер.

ҚОСТАНАЙ.

 

ТАБИҒИ ӨНІМ ШЫҒАРАМЫЗ

03 3Мемлекет басшысы «Қа­зақ­стан-2050» Стра­­­тегия­­сында еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше маңыз берді. Осы бағытта көптеген жұ­мыстар да атқарылды. Дү­кен­­дер мен базарларға бір кі­­­ріп-­­шықсаңыз жетіп жатыр, бұған нақты көз жеткізе аласыз. Солтүстік Қазақстан облысын­да азық-түлік өнімдерінің бар­­­лық түрлері шығарылады. Жер­­­лес­­­терімнің барлығы дерлік өз өнім­дерімізге басымдық береді. Өйт­к­ені, біздің өнім өндірушілер эко­логиялық жағынан таза және табиғи өнімдерді шығаруды өз­дерінің негізгі міндеттері ре­тін­де қарастырады. Бізде шы­ға­рылатын өнімдерді Қазақ­­стан­­ның көптеген өңірлері мен Ресей Федерация­сы­ның қалалары да үл­кен риза­ш­ы­лықпен сатып алады.

Әрине, біздер, қарапайым азаматтар да мемлекеттік саясаттың жемістерін күтіп, қол қусырып қарап отырмауымыз керек. Бұл үшін барлық жағдай жасалған: Петропавлда саяжай қозғалысын дамытудың өңірлік бағдарламасы үлкен сұранысқа ие. Дәлірек айтқанда, қазірдің өзінде атал­ған бағыттағы жұмыстар үлкен қарқын алған. Жергілікті атқа­рушы биліктің ықпалымен сая­жай массивтері өздерінің екінші тыныстарын ашып ү­л­герді. Мыңдаған қалалықтар жеміс-жидекпен өздерін өздері қам­тамасыз етіп отыр. Бір қара­ған­да, көзге соншалықты көріне бер­мейтін олардың еңбегі бір ар­наға құйыла келіп, маңызды стра­тегиялық міндетті іс жүзіне асы­­руға сүбелі үлес болып қосылуда.

Евгения МАЖАРОВА,

үй шаруасындағы әйел.

Солтүстік Қазақстан облысы.

 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕ ҮЛЕСІМ БАР

03 8«2050» Стратегиясында Мемлекет басшысы елді дамытудың таяудағы он жылдығына арналған бағыт-бағдарды нақты белгілеп берді. Басты ба­сымдықтардың бірі – жаңа технологиялық жетіс­тіктердің көшінен қалмау. Міне, бүгінде осындай міндетті мен жұмыс істейтін «Қазхром» компаниясының басшылығы да шешуге ұмтылу үстінде.

Өзім талай жыл еңбек етіп келе жатқан Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бүгінде әлемде баламасы жоқ суперзаманауи балқыту цехының құрылысы аяқталу кезе­ңінде тұр. Жаңа өндіріс жаңа буындағы төрт пештен тұрады (әрқайсысының қуаты 72 Мвт-дан). Әр пеш жылына 440 мың тонна жоғары көміртекті ферро­хром шығара алады.

Іс жүзінде бұл – бола­шақтың кәсіпорны. Мен өзімнің металлург еке­нім­ді, дәл менің зауытым­да кәсіпорын жұмыс­шы­ла­ры­ның ғана емес, бүкіл елі­міз экономикасының игі­лігіне қызмет ететін рево­люциялық төңкерістер деп айтуға тұрарлық өзгерістер жүріп жатқанын мақтан етемін. Ең бастысы, осы жа­сампаздық үдерістеріне менің де қосып отырған үлесім бар.

Серік ӘБІЛХАСАНОВ,

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты балқыту

цехы бригадирінің көмекшісі.

 

ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛ – БҮГІНГІ ЗАМАН ТАЛАБЫ

03 2Менің ұлым осы жылы бірінші сыныпқа барды. Ол оқуға бармас бұрын мен балаға ерте бастан қазақ және ағылшын тілдерін оқыту қажет деп шештім. Әрине, қазақ тілін біз білуге тиістіміз, өйткені, біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Және мен тіл білудің оған болашақта көмегі көп тиетініне сенімдімін.

Ал ағылшын тіліне қатысты айтатын болсам, балаға жас кезінде кез келген шет ел тілін үйрену жеңілге түсетіні күмәнсіз. Осыдан көп жыл бұрын мен алғаш рет бірінші сыныпқа барғанымда, Ақтау қаласындағы мен оқыған мектепте (ол кезде облыс орталығы әлі Шевченко аталатын еді) өңірде тұңғыш рет экспериментальді сынып ашылды. Ең талапты делінгендер бір топқа жеке жиналса, солардың қатарында мен бірінші сыныптан шет ел тілін оқып-үйрендім.

Ол кезде әлі ешқандай арнайы бағдарлама, әдістеме дегендер жоқ еді. Бәрі де алғаш рет болатын. Бірақ біз­дің мұғалімдеріміз білім­ділік танытты. Біздің сынып­тағылардың бәрі дерлік бүгінде шетел компанияларында жақсы лауазымдарда жұмыс істейді. Біздің Президентіміз Қазақстан халқына Жолдауында тілдің үштұғырлығы мәселесін көтеруі мені қатты қуантты. Бала бірінші сыныптан бастап қазақ және ағылшын тілдерін оқып-үйрене бастаса, артық шығынға барып репетиторлар жалдаудың қажеті қанша?

Ирина ЛАРИЧКИНА.

АҚТАУ.

Соңғы жаңалықтар