Аймақтар • 11 Қараша, 2020

Алматыда метро вагонына жабысып алған блогер жазаланды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда метро вагонына жабысып алған блогер жазаланды, - деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда метро вагонына жабысып алған блогер жазаланды

"Мұндай әрекет оның өмірі мен денсаулығына ғана емес, сонымен қатар, басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретінін ол білмейді деп ойламаймын. Ч. есімді азамат заңға сәйкес шаралар қабылдау үшін тәртіп сақшылары оны іздейтінін білген. Сондықтан ол жасырынған. Алайда кеше кешке (10 қараша - ескерту) ол ұсталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 560-бабы ("Темір жол көлігі құралдарын пайдалану ережелерін бұзу") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Ч. есімді азаматқа қатысты түсіндіру жұмысы жүргізілді", - дейді метрополитендегі полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Тимур Өсекбаев.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда блогердің метро вагонына жабысып алғаны түсірілген видео тараған еді