Әлем • 18 Наурыз, 2020

Омбыда қазақ тілін үйрететін екінші онлайн сынып ашылды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Омбы қаласында «Отандастар қорының» қолдауымен «Қазақ тілін онлайн оқыту» сыныбы салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға жергілікті Білім департаментінің, Омбы қаласындағы ҚР Консулдығының және Қазақ мәдени орталығының өкілдері қатысты.

Омбыда қазақ тілін үйрететін екінші онлайн сынып ашылды

Өз кезегінде осы сыныптың ашылуына қолдау көрсеткен «Отандастар қоры» атынан «Отандастар қоры» КЕАҚ президентінің кеңесшісі Дидар Болат пен Ақпараттық талдау департаментінің директоры Нұрхан Жәлиев қашықтан байланысқа шықты. Олар осындай ізгі бастаманың жүзеге асып, қазақ тілін меңгеруге бағытталған жобаның сәтті іске асқанымен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың арта беретінін жеткізді.

Айта кетейік, мұндай сыныптар әлемнің басқа елдерінде де ашылған болатын. Қазақ тілін онлайн оқытуға арналған сыныптардың барлығы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.