Аймақтар • 11 Қараша, 2020

Отандық сауда флоты биыл 1,8 млн тонна жүк тасымалдады

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың 10 айының қорытындысында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жүктерді ауыстырып тиеу өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде болды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Отандық сауда флоты биыл 1,8 млн тонна жүк тасымалдады

Жүк автокөлік құралдарын ауыстырып тиеуде біршама өсім бар.

Отандық сауда флоты осы кезеңде Каспий теңізіндегі порттар арасында 1,8 млн. тоннадан астам жүк, оның ішінде Ақтау – Баку фидерлік желісімен 10,6 мың контейнер тасымалдады.

Ішкі су жолдары бойынша биылғы 10 айда жүк тасымалдау көлемі шамамен 1,44 млн. тоннаны құрады. Оның 233 мың тоннасы Ресей бағытында тасымалданды.