Елбасы • 11 Қараша, 2020

Елбасы: Уақыт талабына сай болуымыз керек

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында Тұңғыш Президент – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев уақыт талабына сай болуымыз керектігін алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz

Елбасы: Уақыт талабына сай болуымыз керек

"Ширек ғасырдың ішінде Ассамблея нәтижелі консультациялық-кеңес органынан өзінің парламенттік өкілі бар жалпыхалықтық институтқа айналды. Ол азаматтық қоғамның әмбабап құрылымының барлық үздік сипаттамасын өзіне сіңіріп, достық, бейбітшілік, тыныштық пен сенім Қазақстанның қоғамдық өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы үшін маңызды үлес қосты. Дәл осы Тәуелсіздігіміздің дамуы мен ұлттық қалыптасу үшін бастапқы шарт болды. Барлығымыз да бұл жетістік ең алдымен еліміздің барлық азаматтарының арқасында орын алғанын жақсы түсінеміз", деді Елбасы.

Тұңғыш Президент этносаралық, конфессияаралық келісімді бұзатын кез келген әрекеттің Конституцияға сай еместігін нақтылайтын заң қабылданғанын атап өтті.

"Сол арқылы біз барлық азаматтарымыздың құқығын қорғаймыз. Бұл саладағы Қазақстан саясаты қабылданған барлық халықаралық стандарттарға жауап береді. БҰҰ, ЕҚЫҰ сынды ұйымдар біздің этносаралық қарым-қатынас моделімізге және ұлттар бірлігін нығайтуға бағытталған күш-жігерімізге жоғары баға беріп, жұмысымызды өзгелерге үлгі етіп отыр. Біз "Рухани жаңғыру" деген атаумен қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын бастадық. Оның мақсаты − жаңа шынайы жағдайда халқымыздың санасыз, ойлау образын, өмірін өзгерту", дейді Тұңғыш Президент.

Елбасы мұны терең түсіну қажеттігін және қазір өмір мүлдем өзгеріп, қоғамға Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген жаңа буынның келгенін нақтылай кетті.

"Сондықтан мұның бәрін қайта қарап, уақыт талабына сай болуымыз керек", деді Елбасы.