Әлем • 11 Қараша, 2020

Жапония жанкүйерлерге арналған карантинді алып тастауы мүмкін

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапония үкіметі 2021 жылы өтетін жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарында шетелдік көрермендерге арналған екі апталық карантинді алып тастау мәселесін қарастыруда.  Бұл туралы Киодо агенттігі хабарлады.

Жапония жанкүйерлерге арналған карантинді алып тастауы мүмкін

Шетелдік жанкүйерлерге Жапонияға келген соң қоғамдық транспортты пайдалануға рұқсат етуі мүмкін. Алайда жанкүйерлер өз елінен ұшып шығарда және жапон жеріне келген соң коронавирусқа арналған тест тапсыруға міндетті.

Әзірге жапондықтар шетелдік көрермендерге қатысты мәселені шешкен жоқ.  Спортшылар арасында да шектеулер болады. Олар тек жарыс өтетін орын мен олимпиадалық деревня арасын жол қылады.