Әлем • 12 Қараша, 2020

Прагада Елбасының чех тіліндегі кітабының тұсаукесері өтті

124 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың чех тіліне аударылған «Ой бөлістім халқыммен» атты кітабының тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прагада Елбасының чех тіліндегі кітабының тұсаукесері өтті

аталмыш шараны Қазақстанның Чехиядағы Елшілігі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен, сондай-ақ «Nazarbayev University» кітапханасымен бірлесіп, бейнеконференция форматында ұйымдастырған. Іс-шараға екі елдің танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қазақстандық дипломаттар Елбасы кітабы бірегей басылым болып табылатынын атап өтті, себебі жинаққа оның кітаптары мен сөйлеген сөздері енген. Кітаптың түрлі жанрдағы бай материалы мемлекет өмірінің маңызды аспектілерін қозғай отырып, тақырыптық тарауларға біріктірілген.

Чехияның «Азия достары клубының» төрағасы, профессор, философия ғылымдарының докторы Йиржи Шима: «Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабымен мұқият таныстым және оның философиялық көзқарастарын ғана емес, сонымен қатар дана мемлекет қайраткерінің ұстанымын бейнелейтін, сондай-ақ тарихи түсініктегі қазіргі, Тәуелсіз Қазақстанның портретін қалыптастыратын түрлі тақырыптарға арналғанын ерекше атап өткім келеді», - деп атап өтті.

Чехиялық «Halo Noviny» баспа және интернет-басылымының жетекшісі Роман Яноух былай атап өтті:

«Мен Қазақстанға ессіз ғашықпын, мен бұл әдемі және таңғажайып елге бірнеше рет бару бақытына ие болдым және ондағы ең маңызды байлық - қазақ халқы. Өзінің кітабында Нұрсұлтан Назарбаев өз халқы туралы, олардың даналығы мен мейірімділігі туралы айтады. Сонымен бірге, онда қазақстандықтардың болашақ ұрпағына нұсқаулар берілген. Бұл кітап чех оқырмандарына қазақ халқының тарихын, оның дәстүрлерін, руханиятын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретініне және бұл, сөзсіз, біздің мәдениетімізді жақындастыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз»-деді.