Спорт • 13 Қараша, 2020

Футболдан Еуропа чемпионатына қатысатын командалар анықталды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан 2021 жылғы Еуропа чемпионатына қатысатын командалар тегіс анықталды деп жазады Olympic.kz. 

Футболдан Еуропа чемпионатына қатысатын командалар анықталды

А тобы: Түркия, Италия, Уэльс, Швейцария; 

В тобы: Дания, Финляндия, Бельгия, Ресей; 

С тобы: Нидерланд, Украина, Австрия, Солтүстік Македония;

D тобы: Англия, Хорватия, Шотландия, Чехия; Е тобы: Испания, Швеция, Польша, Словакия; 

F тобы: Венгрия, Португалия, Франция, Германия. 

Футболдан Еуропа чемпионаты 2020 жылдың 12 маусымы мен 12 шілдесі аралығында өтуі тиіс болатын. Алайда, коронавирус індетіне байланысты УЕФА футбол додасын келесі жылға ауыстырды.  Қарт құрлық бәсекесі 2021 жылдың 11 маусымы мен 11 шілдесі аралығында өтеді. Турнир Еуропадағы 12 қалада ұйымдастырылады.