Қазақстан • 13 Қараша, 2020

TengriBank-тен 5,4 млрд теңге ұрланған

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы мониторинг комитетінің «TengriBank» АҚ бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Комитетке сілтеме жасап.

TengriBank-тен 5,4 млрд теңге ұрланған

«ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторинг комитетінің экономикалық тергеу қызметінің басшылығымен құрылған ведомствааралық жедел-тергеу тобы «TengriBank» АҚ бұрынғы басшыларына қатысты банктің 5,4 млрд теңге қаражатын жымқыру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2 тармағы (аса ірі көлемде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 9 қарашасында Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен 2 айға дейін қамауға алу бұлтартпа шарасы:

- Банктің бұрынғы Төрағасының орынбасары Бахтияр Әбдінұрұлы Ильясовқа;

- Банктің Алматы қалалық филиалы басшысының орынбасары Әсет Өрісбайұлы Жадықовқа;

- Банк қызметкерліренің бақылауындағы мекеме басшысы Назгүл Маманшалқызы Жылқыбаеваға (жалған құжаттар арқылы 3 млн АҚШ доллары көлемінде қайтарымсыз несие алған) санкцияланды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.