Тренингтердің негізгі мақсаты – пандемия кезіңде журналистердің, блогерлердің, редакторлардың құзыреттілігін дамытуға жәрдемдесу. Qazforum бастамашысы және идеялық шабыттандырушысы – Қазақстандағы АҚШ Елшілігі, ұйымдастырушысы – Қазақстан Баспасөз клубы.
Медиатренер Асхат Еркімбайдың "БАҚ редакция жұмысын қашықтан үйлестіру" тақырыбындағы алғашқы тренингі 23 қазанда өтті. Қатысушылар қашықтан жұмыс істеу кезінде туындайтын негізгі мәселелерді талқылап, әріптестерімен онлайн тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін негізгі құралдар туралы білді. Спикердің пікірінше, карантин кезеңіндегі жұмыс жағдайларының басты айырмашылығы - басқару моделі иерархиялық, тік-көлденеңінен өзгереді, онда барлық қызметкерлердің функциялары тең және әрқайсысы ортақ іске өз үлесін қосады.
30 қазанда медиа-тренер Салтанат Аскербекқызының "Қазіргі қазақстандық журналистикадағы кәсіби этика және құқық" атты тренингі өтті. Тыңдаушылар қазақстандық медиадағы нақты кейстер мен жарияланымдарды талдап, субъективті пікір мен кәсіби көзқарасты ажырата білуді үйренді, адам құқықтарын бұзатын негізгі терминдермен танысты, сондай-ақ журналистерге сақтауға маңызды Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық нормаларға тоқталды.
6 қарашада өткен "Visual-журналистика" тренингінде мультимедиалық журналист Баубек Сағындық қазақ тілінде көрнекі тартымды контент жасаудың құпиясымен бөлісті, оны оқырмандар тіпті көп ақпарат болса да оңай қабылдай алады. Қатысушылар аудионы визуалды қатарға түрлендіруді, негізгі хабарламаларды бөлумен бейнематериалдарды өзгертуді, көлемді статистикалық деректерден динамикалық бейнелер жасауды үйренді.
13 қарашада QAZFORUM-2020 ақтық онлайн іс-шарасы - AIX қаржы жөніндегі басқарушы директоры Ренат Бектұровпен вебинар өтті, ол қазақ тілді журналистерге қор нарығы туралы жазуды қалай бастау керек екенің, өзекті және сенімді ақпаратты қайдан алуға болатының, сондай-ақ Қазақстанның қор нарығы туралы білімінен қаржылық пайдаға қалай жетуге болатыны туралы айтып берді. Спикер атап өткендей, қор нарығы қызметінің негізгі қағидаттарын түсіну журналистер мен блогерлерге ғана емес, әрбір қазақстандыққа да пайдалы.
Тренингтерге Қазақстанның қалалары мен аудандарынан: Қарағанды, Ақтөбе, Екібастұз, Түркістан, Шымкент, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Алматы және т. б. барлығы 130-дан астам журналист қатысты.
"QAZFORUM-2020 онлайн-тренингтің өткізген аталмыш тәжірибе сабағы бүгінгі таңда мультимедиа саласында білікті ғана емес, конвергентті маман болуға ұмтылғандарға, жан-жақтылықты болуға талпындарға, шығармашылық қырларын шыңдағысы келген жандарға керемет практикалыш сабақ болды", - деді "Visual-журналистика" тренингінің қатысушысы Айзере Орымбай.
Кейбір журналистер бірнеше немесе барлық тренингтерге қатысты. "Алдымен мен қатысқан екі тренингтер жоғары деңгейде өтті. Өзіме қажет біраз дүниеге қанықтым", - деп атап өтті қатысушы Гүлзара Төреғалиева.
Осылайша, QAZFORUM-2020 онлайн-тренингтері аяқталды. Ендігі форум келесі жылдың сәуір айында өтеді.