7 қараша күні Ұзынкөл аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы мен Пресногорьков ауылдық округінің қорықшысы Коняево көлінің маңында "Toyota Hilux" маркалы автокөлікті ұстайды. Қостанай облысының төрт тұрғыны отырған жол талғамайтын көліктің жанында заңсыз атылған елік жатқан. Тексеру барысында полиция қызметкерлері "Toyota Hilux" автокөлігін, еліктің денесін, 16 калибрлі тіркелмеген екі ұңғылы мылтықты тәркіледі.
"Аталған дерек ҚР ҚК 337-бабы бойынша тіркеліп, тергеу жүргізілуде", - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.