Аймақтар • 17 Қараша, 2020

Қостанай облысында Мәжіліс депутаттығына үміткерлер анықталды

236 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанайда «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының  кезектен тыс XXVIII  конференциясы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында Мәжіліс депутаттығына үміткерлер анықталды

Жиын барысында делегаттар «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы 23 үміткерге дауыс берді. 150 делегат осы үміткерлердің ішінен лайықтыларды анықтады. Бұл жерде әр делегатқа бір үміткерге немесе тізімдегібарлық үміткерге дауыс беруге мүмкіндік берілгенін айта кеткен жөн.

Кдад

Конференцияға қатысушыларды облыс әкімі құттықтап, партияішілік іріктеуге белсенді ат салысқандары үшін алғыс білдірді. «Биыл партия тарапынан ауқымды жұмыс атқарылып отыр. Жақында ғана партияішілік сайлау – праймериз өткен болатын. Бүгінгі конференциямызды сол іс-шаралардың заңды жалғасы деп түсініңіздер. Жалпы, облыста өткен праймеризге  843 адам қатысты. Оның 43%  әйелдер (362), 30%-ы (249)35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдары 244 азаматты ұсынса, 600 адам өзін-өзі ұсынды. Партияның кадрлік резервіне 584 адам ұсынылды. Науқан аясында 7 мыңнан астам іс-шара өткізілді» - деді «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы төрағасы Архимед Мұхамбетов.

Жл

Онлайн дауыс беру алдында барлық кандидаттар пікірсайысқа қатысты. Пікірсайыс барысы партияның облыстық филиалының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунтында тікелей эфирде көрсетілді. Үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларының басымдықтары туралы әңгімелеп, одан кейін әріптестерінің сұрақтарына жауап берді. Жалпы, праймеризге қатысушылар облыс тұрғындарының өмір сапасын жақсартуды көздейтін жалпы саны 800-ге жуық бағдарлама әзірлеген. Бұл ұсыныстар «Nur Otan» партиясының бағдарламасына да енгізілді.

Конференция делегаттарының онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша Екатерина Смышляева(144), Самат Акишев (128), Қырмызы Жаңбыршина (103), Әділ Агайсин (91) сияқты партия мүшелері ең көп дауысқа ие болды.

Конференция барысында санитарлық-эпидемиялық талаптар қатаң сақталып, жиынғақатысушылардың бәрі алдын-ала ПЦР сынағынан өтті.

 

Қостанай облысы