Сала мамандары биыл Қостанайдың бидайы бітік, астығы берекелі шығып, шетелге саудаланған ұн экспортының көлемі де едәуір ұлғайғанын айтады. Ауыл шаруашылығы және жер қатынасы басқармасы маркетинг және өңдеу бөлімінің бастығы Жанар Балғабаеваның айтуынша, облыстың агроөндірістік кешені жыл басынан бері құны 247 млн АҚШ долларынан асатын ауылшаруашылық өнімін экспорттаған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 12 пайызға төмен. Өткен жылы облыс қараша айына дейін шетелге 283,1 млн доллардың өнімін саудалапты.
Алайда жыл басталғалы өңдеу секторы сыртқы саудаға 153 млн доллардың өнімін шығарған. Бұл – жалпы агроөндіріс өнімдері экспортының 62 пайызы. Былтыр осы кезең ішінде сыртқа жалпы құны 122,8 млн АҚШ долларына тең тауар жөнелтілгенін ескерсек, биыл өңдеуден алынған өнімнің экспорты 25 пайызға өсіп отыр.
– Биыл, негізінен, ұн экспорты 25 пайызға, ал сұйық май экспорты 4 есеге өсті. Бидай экспорты керісінше былтырғы қуаңшылықтың әсерінен 33 пайызға азайды. Биылғы бидай шет мемлекеттерге енді ғана саудалана бастады. Мұны есепке алатын болсақ, жыл соңына дейін бидай экспорты бірнеше есе ұлғаятын болады, – деді Жанар Балғабаева.
Қостанай облысы ұн шығарудан ел көлемінде бірінші орын алады. Астықты аймақ облыстан тыс, Қазақстанның ішкі нарығын ұн және ұн өнімдерімен қамтып отыр. Ақ ұнның басым бөлігі экспортқа шығарылады.
Бүгінде облыс аумағында 70 шақты диірмен жұмыс істеп тұр. Қазір мұнда жұмыстың нағыз қызып тұрған қауырт шағы. Экспортқа өнім жіберетін ірі диірмендер негізінен Қостанай, Рудный, Жітіқара қалалары мен Сарыкөл ауданында орналасқан. Бөлім басшысының айтуынша, олар жылына 2 млн тоннаға дейін бидай өңдей алады екен. Бірақ қазіргі жағдайда облыс диірмендері өндірістік қуатының 80 пайызын ғана пайдалануда.
Жалпы Қостанай облысы жыл сайын 1 млн тонна ұн шығарып, негізінен Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан сияқты Орта Азия елдеріне экспорттайды. Мысалы Қостанайдағы «Вадиса – М» өндірістік-сауда кәсіпорны қазір бірнеше мемлекетке ұн жөнелтіп жатыр. 2002 жылы іске қосылған кәсіпорын Қостанай облысындағы ірі әрі тұрақты жұмыс істеп келе жатқан табысты компанияның бірі. 60 мың тонна бидай сыятын қоймасы бар серіктестік тәулігіне 600 тонна ұн шығарады. Бүгінде аймақта астық экспортын жеке делдалдар іске асырып отыр. Бидайдың бағасын жыл сайын «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» нақтылап, бекітіп береді. «Вадиса – М» шетелге жоғарғы сұрыпты ұнның тоннасын биыл 240 доллардан, бірінші сұрыпты – 210, үшінші сұрыпты 175 доллардан саудалап отыр. Ал таза бидайдың әр тоннасының экспорттық бағасы сапа-сұрыбына қарай 120-дан 150 АҚШ долларына дейін жетеді.
Ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты тұқым шаруашылығы және бидай инспекциясы бөлімінің бас маманы Дмитрий Сұлтановтың айтуынша, бүгінге дейін Қостанай облысынан сыртқа 1 149,5 мың тонна бидай жөнелтілген. Оның 1 мың тоннаға жуығы экспортқа, 300 тоннадан астамы еліміздің өзге өңірлеріне сатылған. Қостанай бидайының негізгі экспортерлері –Өзбекстан, Тәжікстан, Иран, Ауғанстан, Қытай мемлекеттері.
Қостанай облысындағы бидай экспорты
(2020 жылғы 10 қараша)
мың тонна
№ |
Бидай алған елдер |
2019 жыл
|
01 қаңтардан 10-қарашаға дейін |
айыр-ма, +, - |
|
2019 ж. |
2020 ж. |
||||
1 |
Өзбекстан |
468,8 |
405,7 |
435,9 |
30,2 |
2 |
Иран |
155,3 |
125,8 |
82,0 |
-43,8 |
3 |
Ауғанстан |
86,0 |
65,3 |
59,5 |
-5,8 |
4 |
Тәжікстан |
172,2 |
156,2 |
86,9 |
-69,3 |
5 |
Әзербайжан |
102,1 |
101,3 |
15,2 |
-86,1 |
6 |
Италия |
30,0 |
23,2 |
5,2 |
-18,0 |
7 |
Түркия |
28,6 |
26,6 |
4,8 |
-21,8 |
8 |
Қытай |
64,1 |
52,7 |
48,6 |
-4,1 |
9 |
Ресей |
93,8 |
68,1 |
50,2 |
-17,9 |
10 |
Түрікменстан |
16,8 |
14,1 |
4,3 |
-9,8 |
11 |
Грузия |
16,7 |
16,7 |
0,1 |
-16,6 |
12 |
Қырғызстан |
18,2 |
17,0 |
9,5 |
-7,5 |
13 |
Бельгия |
57,7 |
50,5 |
8,3 |
-42,2 |
14 |
Швеция |
9,0 |
9,0 |
|
-9,0 |
15 |
Беларусь |
31,1 |
26,4 |
14,5 |
-11,9 |
16 |
Норвегия |
3,2 |
3,2 |
2,5 |
-0,7 |
17 |
Грекия |
19,6 |
19,6 |
2,9 |
-16,7 |
18 |
Моңғолия |
11,5 |
10,9 |
0,5 |
-10,4 |
19 |
БАӘ |
3,0 |
3,0 |
|
-3,0 |
20 |
Латвия |
0,9 |
0,9 |
|
-0,9 |
21 |
Мысыр |
0,3 |
|
|
-0,3 |
22 |
Украина |
|
|
0,1 |
0,1 |
23 |
Ұлыбритания |
15,9 |
15,9 |
|
-15,9 |
24 |
Эстония |
0,1 |
|
0,1 |
0,1 |
25 |
Финляндия |
3,0 |
3,0 |
1,6 |
-1,4 |
26 |
Нидерланд |
5,7 |
5,7 |
|
-5,7 |
27 |
Ирак |
0,4 |
0,4 |
|
-0,4 |
28 |
Израиль |
0,7 |
0,7 |
|
-0,7 |
29 |
Бангладеш |
1,9 |
1,9 |
|
-1,9 |
Экспортқа кеткен бидайдың бәрі |
1416.6 |
1223,8 |
832,7 |
-391,1 |
|
Қазақстан бойынша |
316,7 |
265,0 |
316,8 |
51,8 |
|
Бәрі |
1733,3 |
1488,8 |
1149,5 |
-339,3 |
Облыс биыл жыл басынан бері 1 149,5 мың тонна ұн саудалады. Оның 316,8 мың тоннасы Қазақстан бойынша, ал 832,7 мың тоннасы экспортқа сатылған. Жоғарыдағы кестеге бір рет көз жүгіртіп өтсеңіз, Қостанай бидайын сатып алудан бірінші орында тұрған мемлекет Өзбекстан екенін көресіз. Одан кейінгі орындарда Тәжікстан, Ауғанстан, Иран, Әзербайжан, Ресей, Қытай тұр. Ал енді төмендегі кесте Өзбекстан қазақ ұнын сатып алуға онша құлық танытып отырған жоқ дейді. Көрші мемлекет 2019 жылы Қостанай облысының өзінен ғана 468,8 мың, ал биыл он ай ішінде 435,9 тонна таза бидай сатып алып отыр. Сөйткен өз-ағам астықты аймақтан былтыр небары 100 мың, биыл 79 мың тонна дайын ұнын сатып алған. Бидаймен салыстырғанда, оңтүстіктегі көршіге сатылған ұн 4 жарым есе аз. «Сөйтсем, көршінің көк есегі бар екен» демекші, өз-ағамның өз есебі бар екен.
Қостанай облысындағы ұн экспорты
(2020 жылғы 10 қараша)
мың тонна
№ |
Ұн алған елдер |
2019 жыл
|
01 қаңтардан 10-қарашаға дейін |
айырма, +, - |
|
2019 ж. |
2020 ж. |
||||
1 |
Ауғанстан |
396,3 |
336,6 |
447,8 |
111,2 |
2 |
Өзбекстан |
100,8 |
77,1 |
73,9 |
-3,2 |
3 |
Түрікменстан |
25,5 |
19,0 |
19,4 |
0,4 |
4 |
Тәжікстан |
36,6 |
26,3 |
34,0 |
7,7 |
5 |
Қырғызстан |
18,1 |
15,4 |
26,9 |
11,5 |
6 |
Қытай |
6,8 |
5,9 |
2,5 |
-3,4 |
7 |
Иран |
0,1 |
0,1 |
|
-0,1 |
8 |
Грузия |
0,1 |
0,1 |
|
-0,1 |
9 |
Ресей |
0,8 |
0,8 |
0,2 |
-0,6 |
10 |
Беларусь |
0,1 |
0,1 |
|
-0,1 |
Өзбекстан сапалы бидай өсіруден Қазақстанмен таласа алмайтыны анық. Алайда оңтүстік көрші Арқаның сары бидайын сатып алып, оны өңдеп ұнға айналдырып экспорт нарығына шығару жағынан алға озып кеткен сыңайлы. Қостанайлық ұн өндірушілердің айтуынша, Қазақстан ұнының басты импортерларының бірі саналатын Ауғанстан нарығында соңғы жылдары өзбектің ұны қазақ ұнымен бәсекелесетін жағдайға жетіп қалған. Қазақ бидайынан тартылған өзбек ұнының сыртқы нарық бәсекесінде басымдыққа ие бола бастауының өзіндік себебі бар.
Биыл наурыз қарсаңында өзбек басылымдары Қазақстан бидай бағасын 37,4 пайызға қымбаттатты деп хабарлады. Сөйте тұра, қазақтың бидайын ұқсатып ұн етіп, оны қалың өзбектен артылтып алтынға балап Ауғанстанға асырып отыр. Пайдасы шаш етектен келетін Қазақстанның бидайына Өзбекстан ешбір кіріс салық салып отырған жоқ. Ал енді ұнға 10 пайыз акция бар. Осылайша, есепке жүйрік көршіміз ұныңның қажеті шамалы, бидайыңды таси бер дегенді ымдап отыр.
Қазір Ауған нарығындағы қазақ ұнының үлесі 60 пайызға жуықтайды екен. Бірақ Ауғанға барар жолда қазақ экспортерларының алдынан өзбек транзиті деген кедергі көлденеңдеп шықты: Өзбекстан белгілеп қойған транзиттік тариф қымбат. Өзбекстан арқылы өтетін теміржол транзиті мен Ауғанстан шекарасына тірелетін Термезге дейінгі алым-салық әр тонна ұнға 60 доллардан келеді. Мұның сыртында, Қостанайдан темір жол арқылы шыққан бір тонна ұн Өзбекстан шекарасына дейін 20 доллармен жетеді. Сонда Ауған асатын әр тонна ұнның жол шығынына 80 доллардан кетіп отыр. Сондықтан соңғы кездері отандық экспортшылар Ауғанстанға Түрікменстан арқылы ұн асырған тиімді болады деп болжайды. Өйткені өз территориясының транзиттік әлеуетін арттыруға ынталы Түрікменстан транзиттік тарифке 30 пайыз жеңілдік ұсынып отыр.
Мамандардың пікірінше, ұн экспорты бәсекесіндегі басымдықты жоғалтып алмау үшін, отандық тауардың Өзбекстан нарығына шығуына қолайлы жағдай туғызатын тиімді шаралар қабылдануы керек. Атап айтқанда, ұн транзитінің жоғары тарифіне жауап ретінде Қазақстан арқылы өтетін өзбек тауарларына жоғары тариф белгіленіп, оңтүстік шекарадан шыққан тауардың бәрінен кедендік алым салынуы қажет.
Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Қостанай облысы биыл қарашаға дейін Ауғанстанға – 447,8 мың тонна, Өзбекстанға – 73,9 мың, Түрікменстанға – 19,4 мың, Тәжікстанға – 34,0 мың, Қырғызстанға – 26,9 мың тонна ұн жөнелткен. Кейінгі кезде Қостанай ұнына Қытай да қызығушылық танытып отыр. Алпауыт мемлекет былтыр Тобыл өңірінен 6,8 мың тонна ұн сатып алса, биылғы 10 айда 2 жарым мың тонна ұн Қытай асқан.
Қостанай облысы